ДҮНИЕДЕН САҚТАНЫҢДАР!
ДҮНИЕДЕН САҚТАНЫҢДАР!
01.09.2021 11:30
1115
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ешкім маңдай терімен тауып, жегенінен қайырлы ас (рызық) жемеген. Дәуіт (а.с.) те тек өз табысынан жейтін еді». (Табарани, «әл-Мұғжәм ул-Кәбир»)

Хусейн (р.а.) бір құтпасында Алла Тағалаға хамд пен мақтаудан кейін былай деді:

Уа, Алланың құлдары! Алладан қорқыңдар, дүниеден сақтаныңдар. Өйткені дүние біреуге мәңгілік берілер болғанда немесе біреу бұл дүниеде мәңгілік қалатын болғанда бұған ең лайықты пайғамбарлар еді. Олар дүниеге разы болып, иелігіндегі дүниелік нәрселерге қатты қуанар еді. Алайда олай емес. Ұлы Алла дүниені пәни қылып жаратқан. Оның жаңасы ескіреді, нығметі жоғалады, қуанышы қайғыға айналады. Дүние сел сияқты алдына шыққанын қиратады. Бұл дүние біз үшін ақырет сапарында қонақтайтын орын ғана. 

Сендер ақырет үшін азық дайындаңдар. Азықтың ең қайырлысы тақуалық. (Тыйым салғанынан сақтанып, бұйрықтарын орындап) Алладан (азабынан) қорқыңдар. Сол кезде ғана амандықты үміттенсеңдер болады.

 

 

0 пікір