ДҮНИЕ МҮМІННІҢ ЗЫНДАНЫ
ДҮНИЕ МҮМІННІҢ ЗЫНДАНЫ
04.08.2021 11:57
875
0

 Алла Тағала былай дейді (мағынасы): «(Өздеріңе некелеген) Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. Сонда, егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһірден бір нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын». (Ниса сүресі, 4-аят) /

 Фиқһ, хадис және тарих ғалымы ибн Хажар әл-Асқалани (рах.) һижри 773 (миләди 1371) жылы Мысырда дүниеге келген. һижри 852 (миләди 1448) жылы қайтыс болған.

 Ибн Хажар (рах.) бас қазы кезінде бір күні базарға барған. Әдемі киінген, астындағы көлігі де өте әдемі екен. Осы кезде киімі ескірген, үсті басы май зығыр майын сатып жүрген яхуди жүгіріп ибн Хажардың (раһ.) қасына келіп, атының тізгінінен ұстап: «Уа, Шейхулислам! Пайғамбарыңыздың; «Дүние мүміннің зынданы, кәпірдің жұмағы» дегенін айтасыз. Сенің зындандық өмірің қайда? Менің жұмақтың өмірім қайда?» - дейді. 

Ибн Хажар (рах.) яхудиге: «Мен Алла Тағаланың ақыретте мен үшін дайындаған жұмық нығметтеріне қарағанда қазір зынданда сияқтымын. Ал сен Алла Тағаланың сен үшін дайындаған ақыреттегі азабына қарағанда қазір жұмақта сияқтысың» - деп жауап береді. Ибн Хажардың (рах.) айтқанынан әсерленген яхуди дереу мұсылман болған. 

 

 

0 пікір