Дұха (сәске) намазы
Дұха (сәске) намазы
14.12.2015 10:54
31659
0

Бұл намаздың сауабы мол. Дұха қазақ тіліндегі сәске сөзімен мағыналас. Яғни сәске уақытында оқылатын намаз дегенді білдіреді. Сахих кітаптарында Әбу Һурайрадан (р.а.) мынадай хабар жеткен: «Сүйікті досым (Расулалла (с.а.с.) үш нәрсені өсиет етті: әрбір айда үш күннен ораза тұту, дұханын екі рәкаты, ұйықтауға үтірді оқып барып жату» (Бұхариде № 1178, Мүслімде № 721).

Оқылатын уақыты: Дұха намазын күн найза бойы көтерілген бастап күн тас төбеге келгенге дейін оқуға болады. Бұл ерікті намаздың азы екі рәкат, ал көбі сегіз рәкатқа дейін созылады. Имам Әбу Йағланың Айша анамыздан (р.а.) риуаят еткен хадисінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дұха намазын екі рәкаттан төрт рәкат етіп оқитындығы айтылған.

Термези таратқан мынадай хадис бар. Әнес ибн Мәліктің (р.а.) риуаят етуі бойынша Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Кімде-кім таң намазын жамағатпен оқып, сосын күн шыққанға дейін Алла Тағаланы зікір етіп, содан соң екі рәкат намаз оқыса, дәл хаж бен умраның сауабындай сауап алады» (Термези, № 586 хадис).

 

0 пікір