1) Таухид. Алла тағаланы бір, жалғыз деп білу және сол сенімде нық тұру;
2) Әділдік. Дүние істерінде және шариғат үкімдерінде әрқашан тура болу, үнемі шындықты айту;
3) Имамат (басшылық). Дін және дүние істері бірдей келген кезде, алдымен діни істерді орындау;
4) Нубуәт (пайғамбарлық). Пайғамбарымыз Мұхаммед аләйһиссаләмды және одан алдын өткен барлық пайғамбарларды мойындау;
5) Әмр мағруф (жақсылыққа үндеу). Алла тағала Мұхаммед аләйһиссаләм үмбетіне бұйырған істерді орындау және басқаларға оны үндеу;
6) Нәһи мункар (жамандықтан тыю). Алла Тағала тыйым салған істерден сақтану және басқаларды одан қайтару;
7) Тәуаллә (достасу). Алла Тағаланың достарын дос тұту (пайғамбарлар, сахабалар, ақиқат жолдағы, сенімі айқын, иманы кәміл барлық ғұламалар, намаз бен оразасын қаза етпейтіндер, Алланың әміріне бойсұнғандар – Оның достары);
8) Тәбарра (қастасу). Алла Тағаланың дұшпандарын дұшпан деп білу.
Дайындаған: Х.Аманқұлов