Дін дегеніміз не?
Дін дегеніміз не?
27.04.2015 21:54
30549
0

ДІН

 Дін деген не?

 Дін – барша болмысты жаратқан Алла Тағаланың бүкіл адам баласына елшілері арқылы жіберген ұлы жүйе. Бұл жүйе ақыл иелерін бұл дүниеде қуаныш пен шаттыққа, ал ақиретте мәңгілік бақытқа кенелтеді.

 

Діннің мақсаты

 Дін бізге жаратылысымыздың мақсатын, Алла Тағала алдындағы пенделік міндеттерімізді үйретеді. Жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, арам мен адалды ажыратуды және жақсылыққа қарай жоғарылаудың жолдарын көрсетіп береді.

Дін адамды рухани тұрғыдан байытады. Көркем мінезді кемеліне келтіреді. Жеке адамдардың бір-біріне құрметпен қарап, өзара ақыларын өтеп жүруге баулиды. Қысқасы, діннің мақсаты – адам баласын дүние тіршілігінде де, ақиретте де бақыт-шаттыққа кенелту (Діннен өзге ешбір нәрсемен адам толық бақытты бола алмайды.). Ал біздің міндетіміз – діннің көрсетіп берген нұрлы жолынан  айнымай жүріп отырып, бақытқа қауышу.

 

Құлшылық энциклопедиясы

Дін дегеніміз не?
Ислам діні
Иман негіздері
Алла Тағалаға иман

0 пікір