Денеден қан шықса дәрет бұзылады дегеннің дәлелі бар ма?
Денеден қан шықса дәрет бұзылады дегеннің дәлелі бар ма?
07.03.2016 16:43
5007
0

Ханафи мәзһабы бойынша  дәрет жолдарынан тыс, дененің басқа да жерінен аққан нәжістер дәретті бұзады [Маусули, Ихтияр: 1- том, 49 бет.]. Құранда «аққан қанды» нәжіс деп айтқандықтан [Әнғам сүресі - 145 аят.],  денеден шыққан қан айналасына жайылса дәретті бұзады. Бұған мына хадис дәлел:

عن تميم الداري عن رسول الله - صلى الله عليه و سلم -  انه قال: "الوضوء من كل دم سائل"     اخرجه الدارقطني

Сахаба Тамим әд Дәри ардақты Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) мына хадисті риуаят етеді: «Барлық аққан (жайылған) қаннан дәрет бұзылады» [Дәруқұтни 1/157; әл Кәсәни, Бәдәиғ, 1-том, 228 -бет.].

 

 

0 пікір