Дәрет алу барысында мына дұғаларды айтып жүр!..
Дәрет алу барысында мына дұғаларды айтып жүр!..
06.02.2018 14:32
14929
0

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : «Жәннаттың кілті – намаз, намаздың кілті – дәрет», – деген (Тирмизи). Хазіреті Османнан (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім дәрет алса және ол дәретін барынша жақсылап алуға ынта-ықылас танытса, оның өне-бойынан күнәлары төгіледі, тіпті тырнақтарының астынан да ағып кетеді», – дейді (Муслим). Ендеше әдебіне сай дәреттің дұғаларын да ұсынып отырмыз.

Дәретті «Әъузу билләһи минәш-шайтанир ражим», «бисмилләһир рахмәнир рахим» деп бастағанан кейін төмендегі дұғалар оқылады: 

 

Дәрет алып бастарда:

Арабшасы: 

اَلحَمْدُ لِلّٰهِ الَّذ۪ى جَعَلَ الْمَاءَ طَهُورًاوَجَعَلَ اْلاِسْلاَمَ نُورًا

Оқылуы:

Әлхамдулилляһил ләзии жәъәләл мәә-а таһууран уә жәъәләл исләәмә нуран

Мағынасы:

Суды тазалаушы, Исламды нұр қылған Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақ болсын!

 

Ауыз шаярда:

Арабшасы:  

اَللّٰهُمَّ اَسْقِنِي مِنْ حَوْضِ نَبِيِّكَ كَاْساً لاَ أَظْمَأُ بَعْدَهُ أَبَداً

Оқылуы:

Аллаһумма әсқинии мин хәудый нәбиикә кә’сән лә әзмәу бәъдәһу әбәдән

Мағынасы:

Иә Алла! Маған Пайғамбардың (с.ғ.с)  хауызынан еш шөлдеместей бір кесе су ішкіз.

 

Мұрын шаярда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ لاَتَحْرِمْن۪ى رَائِحَةَ نَعِيمِكَ وَجِنَانِكَ

Оқылуы:

Аллаһумма лә тәхримни рааихәтә нәъиимикә уә жинәәникә

Мағынасы:

Иә Алла! Мені нығметтеріңнің және Жәннаттарыңның хош иісінен мақұрым етпе!

 

Жүз жуарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ بَيِّضْ وَجْهِى بِنُورِكَ يَوْمَ تَبْيَضُّ وُجُوهٌ وَتَسْوَدُّ وُجُوهٌ

Оқылуы:

Аллаһумма бәийд уәжһи бинуурикә йәумә тәбиәдду ужууһун уә тәсуәдду ужууһун

Мағынасы:

Иә Алла! Қаншама жүздердің ағарып, жарқырап, қаншама жүздердің қарайып, түнеретін күні жүзімді нұрыңмен ағарт, нұрландыр!

 

Оң қолды жуарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ أَعْطِنِى كِتَابِى بِيَمِينِى وَحَاسِبْنِى حِسَاباً يَسِيراً

Оқылуы:

Аллаһумма аътыйни китәәбии би йәмиинии уә хәәсибнии хисәәбән йәсиран

Мағынасы:

Иә Алла! Амал дәптерімді оң жағымнан бер, есебімді жеңіл ет!

 

Сол қолды жуарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ لاَ تُعْطِن۪ى كِتَابِى بِشِمَالِى وَلَامِنْ وَرَاءِ ظَهْر۪ى وَلاَتُحَاسِبْنِى حِسَابًا شَدِيدًا

Оқылуы:

Аллаһумма лә туътыйнии китәәбии шимәәлии уә лә мин уәрааи заһри уә лә тухәәсибнии хисәәбән шәдиидән

Мағынасы:

Иә Аллпа! Амал дәптерімді сол жағымнан берме, есебімді қиындатпа!

 

Басқа мәсіх тартарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ غَشِّنِى بِرَحْمَتِكَ وَاَنْزِلْ عَلَىَّ مِنْ بَرَكَاتِكَ

Оқылуы:

Аллаһумма ғашшинии би рахматика уә әнзил ъәләийә  мин бәракәәтикә

Мағынасы:

Иә Алла! Мені рахметіңе бөле! Берекетіңді жаудыр!

 

Құлаққа мәсіх тартарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ اجْعَلْنِى مِنَ الَّذ۪ينَ يَسْتَمِعُونَ الْقَوْلَ فَيَتَّبِعُونَ اَحْسَنَهُ

Оқылуы:

Аллаһумма жъәлни минәлләзиинә йәстәмиъуун-әл-қаулә фә йәттәбиъуунә әхсәнәһу

Мағынасы:

Иә Алла! Мені сөз тыңдап оған ең жақсы түрде бойсұнғандардан ет!

 

Мойынға мәсіх тартарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ أَعْتِقْ رَقَبَتِى مِنَ النَّارِ

Оқылуы:

Аллаһумма әътиқ рақабәтии минәннәәр

Мағынасы:

Иә Алла! Мойнымды оттан азат ет!

 

Аяқ жуарда:

Арабшасы:

اَللّٰهُمَّ ثَبِّتْ قَدَمَىَّ عَلٰى الصِّرَاطِ يَوْمَ تَزُولُ ف۪يهِ اْلأَقْدَامُ

Оқылуы:

Аллаһумма сәббит қадамәийә ъәләс-сыйратый йәумә тәзуулу фииһил-әқдәәму

Мағынасы:

Иә Алла! Қаншама аяқтардың таятын күні аяғымды сират көпірінде берік ет!

 

Дәрет алып біткен соң:

Арабшасы:

أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلٰهَ إِلاَّ اللّٰهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَشْهَدُ أنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ

اَللّٰهُمَّ اجْعَلْن۪ي مِنَ التَوَّابِينَ وَاجْعَلْن۪ي مِنَ المُتَطَهِّرِينَ

سُبْحَانَكَ اللّٰهُمَّ وبِحَمْدِكَ أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلٰهَ إِلاَّ أَنْتَ أسْتَغْفِرُكَ وأتُوبُ إِلَيْكَ‏

Оқылуы:

Әшһәду әллә иләәһә иллә Аллаһу уәхдәһу лә шәриикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадан ъәбдуһу уә расуулуһу

Аллаһуммә жъәлни минәттәууәбиинә уә жъәлни минәл-мутәтаһһириина

Субхәнәкә Аллаһумма уә бихәмдикә әшһәду әллә иләһә иллә әнтә әстағфирукә уә әтуубу иләйк

Мағынасы:

Алла Тағадан басқа тәңір жоқтығына, Оның жалғыз әрі ортағы, серігі жоқ екендігіне және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі екендігіне куәлік етемін.

Иә Алла! Мені тәубе еткендерден және таза болғандардан ет!

Иә Алла! Сені барлық кемшілік атаулыдан пәктеймін. Иә Алла! Сенен басқа тәңір жоқтығына куәлік етемін. Сенен кешірім тілеп, тәубе етемін!

0 пікір