БОЙСҰНБАУДЫҢ ӨКІНІШТІ СОҢЫ
БОЙСҰНБАУДЫҢ ӨКІНІШТІ СОҢЫ
17.09.2021 11:06
579
0

 «Еш шүбәсіз, Алла Тағалаға бойсұнып, ұзақ өмір сүру – үлкен бақыт». (Фәйз ул-Қадир)

Атақты Имам Шамил 1797 жылы Дағыстанда дүниеге келді. Дағыстан мұсылмандарына басшылық етіп, 25 жыл орыс әскерімен соғысты. Алақандай әскерімен атақты генералдардың әскерін жеңе білген қолбасшы. Жауынгерлік қабілеті мен табандылығы әлемге таңдай қақтырған. 

Орыстар 1839 жылы мамыр айында Имам Шамилге қарсы жорық ұйымдастырады. Имам Шамил хабарды ала салысымен Ырғын деген ауылда жан-жаққа хабаршы жіберіп әскердің жиналуын бұйырады. Сол жерді орталық қылып таңдайды. Қорғанысқа көшіп, өткелдерді торуылдайды, соғыс үшін қорған салдырды. 

Орыс әскерімен түстен бастап кешке дейін кескілескен айқас болды. Тіпті командирлері генерал да жарақат алды. Алайда орыстар жағында ауылды жақсы білетін екіжүздінің көрсетуімен әскерінің көп бөлігін генерал түнде жасырын ауылдың оң жағындағы ашық алаңға ауыстырды. Имам Шамил мұны байқап қойып, жауынгерлеріне сол жаққа өтіп жауды ол жақтан қуып шығуды бұйырады. Әйтсе де қол астындағылар бұл бұйрықты қабылдамады. Имам Шамил оларға былай деді:

-    Ұхуд соғысында Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен сахабалардың бастарына келген сәтсіздіктің жалғыз себебі, садақшылардың Алла Расулының әмірін орындамауында еді. Енді сендер де бұйрыққа бағынбаудың өкінішті соңын татасыңдар.

Ертеңінде орыстар ауылдың ашық алаңынан шабуылға көшті. Жауынгерлер олардың шабуылын үш рет тойтарып кері қайтара алды. Имам Шәміл Аллаға хамд айтып, жаудың ол жақтан шабуылдамауын тіледі. Өйткені, Ислам әскері көп шығынға ұшыраған еді. Соңында жау әскері зеңбірек, мылтықпен атқылап, жаппай шабуылға көшті. Тіпті өліктерді таптап, қорғанға кіруге тырмысты. Олар қару дауысын естімеу үшін араның балауызын құлақтарына тығып алған еді.

Бұл жолы мұсылмандардың шебі бұзылды, дұшпан ауылды басып алды. Әскерлердің көбі шейіт болып,  Имам Шамил аз ғана жауынгермен олардан құтылды. Кейін Дағыстанның басқа жерлерінде күресін жалғастырды.  

 

 

0 пікір