Бізді мұндай жүректерден сақтасын!
Бізді мұндай жүректерден сақтасын!
11.06.2019 12:00
189
0

Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді:

إِنَّالَّذِينَكَفَرُواسَوَاءٌعَلَيْهِمْأَأَنذَرْتَهُمْأَمْلَمْتُنذِرْهُمْلَايُؤْمِنُونَخَتَمَاللَّهُعَلَىٰقُلُوبِهِمْوَعَلَىٰسَمْعِهِمْۖوَعَلَىٰأَبْصَارِهِمْغِشَاوَة

«Расында кәпірлерді ескертсең де, ескертпесең де бәрібір (ескерту оларға пайда бермейді). Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректері мен құлақтарына мөр басып, бекітіп тастаған. Көздерінде де перде бар» - дейді. (Бақара сүресі, 6-7 аяттар).

Келесі тағы бір аятта:

لَهُمْقُلُوبٌلَّايَفْقَهُونَبِهَاوَلَهُمْأَعْيُنٌلَّايُبْصِرُونَبِهَاوَلَهُمْآذَانٌلَّايَسْمَعُونَبِهَا

«Олардың жүректері бар. Бірақ, онымен шындықты түсіне алмайды. Көздері бар. Бірақ, онымен көрмейді. Құлақтары бар. Бірақ, онымен естімейді» - дейді. (Ағраф сүресі, 179-аят).

Бұл имансыздардың жүректері. Мұндай пенделердің (жүрегі өлі пенделер) ақыретте жағдайлары өте мүшкіл болады. Алла Тағала бізді мұндай жүректерден сақтасын!

 

0 пікір