БІР СӘЖДЕНІҢ МӘНІ
БІР СӘЖДЕНІҢ МӘНІ
29.12.2016 12:22
1246
0

Алла бар. Оны білеміз. Алланың бар екенін шайтан да біледі. Біз Алладан басқа Тәңір жоқтығына иман келтіреміз. Шайтан да тап осылай иман келтіреді.

Сонда біз шайтани танымнан қай кезде ажыраймыз? Дұрыс. Пайғамбарға иман келтірген кезде.

 Ібіліс Адам Атаға сәжде жасамады. Сонда қалай, Адам атаға бас ию Алланы танудан биік тұра ма? 

Исламдық діни танымда барлық ғибадат тек Аллаға ғана жасалады. Сондықтан өзге нәрсені әспеттеп ғибадат жасауға тыйым салынады. Солай бола тұра Ібіліс Адам Атаға бас имегені үшін құрдымға кетті.

 Сонда Алланың періштелерге Адам Атаға сәжде жасатуында қандай сыр бар?Сөз басында сіз бен біздің, тіпті шайтанның да Алланы танитындығын тілге тиек еттік. Шайтанда шаруамыз жоқ.

Ал сіз бен біз Алланы қалай танимыз? Білген жөн. Адам баласы Алланы тек Пайғамбарлар арқылы ғана таниды. Аллалық сипат тек пайғамбарларға түскен кітаптар арқылы ғана мәлім болады. Әуелі осыған келісіп алайық. Иә, келіспеске амал жоқ. Бәрі айқын.

 Бірақ Ібіліс келіспеді. Ол Алланы пайғамбарсыз-ақ танитындығына сенді. Осы жерде Алланың періштелерге Адам Атаға сәжде жасатуының мәні ашылады. Білген жөн. Адам Ата - руxани әлемнің патшасы. Ал сіз бен біздегі, тіпті шайтандағы руx та Адам Ата билігіндегі патшалыққа бағынышты тұрады. Бағынышты ғана емес, ол соның бір бөлшегі. Бұдан сол жансыз, яғни руxсыз Алланы танудың әсте мүмкін еместігі мәлім болады. Міне, осы түсінік, осы таным пайғамбарлардан пайғамбарларға жалғасып, бүгінгі күнге жетті. "Адам Алламен руx арқылы ма, жоқ әлде тікелей байланыса ма" деген сауал сол кезден бастап күн тәртібінен түскен емес. Алайда адам баласы Адам Атаға жасатылған сәждені тек періштелер мен Ібіліске қатысты деген ойдан арыла алмай келеді. Соған орай діни таным да сан тармаққа бөлініп кетті. Оның ішінде "біз тек Алланы ғана танимыз" дейтіндер алға шықты. Бірақ ол сөзді кезінде Ібілістің де айтқанын әлгілер қаперге алар емес. Біздің "дәстүрлі дінімізге қайта қауышқанымыз жөн" деп қайталай беретіндігіміз сондықтан.

 

Құдияр Біләл

0 пікір