Бір сағаттық өмірің қалса...
Бір сағаттық өмірің қалса...
22.07.2019 09:48
782
0

Бiр кiсiден:
- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:
- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Алладан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi.

 Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:
- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi.

Ал үшiншi адам:
- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, - дептi.
Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Алла  Тағалаға ұнамдысы - соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату - әр мұсылманның парызы болып табылады.
Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз - пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Алланы  тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.
Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.

 

0 пікір