БІЛІМ ҚОНСЫН ДЕСЕҢІЗ...
БІЛІМ ҚОНСЫН ДЕСЕҢІЗ...
19.02.2021 11:03
535
0

Бір ғұлама Самарқаннан  он жылдай білім алып екі түйе кітап арқалап келе жатыр екен. Жолда бір адам кездесіп қалып: «Не әкеле жатырсыз?» деп сұрайды. Ғұлама: «Бұқарадан білім алып келе жатырмын» деп жауап беріпті. Сонда әлгі кісі: «Онда қазір мына түйелерің қашып кетсе, білімің де қашып кетеді екен ғой»,-деген екен.
     Адам білім үйрену үшін үш түрлі жануарға ұқсауы керек.

     Ең алдымен – мысық секілді кішіпейіл болу, ұстазы қанша қаталдық танытса да ешқашан білімге деген құштарлығын тоқтатпау.

      Бірде бір ғұлама ұстазына білім үйренуге барады. Ол діни мереке – айт күніне тура келіп қалады. Содан ұстазы ашуланып оны он бес рет таяқпен ұрады. Ашуы басылған соң шәкіртінен кешірім сұрайды. Шәкірті «Кешірмеймін, кешірсін десең, он бес хадис үйретесің»,-дейді. Ұстазы он бес хадис санатымен (жеткізуші адамдардың толық аты-жөнімен бірге) айтып береді. Сонда шәкірті: «Мені тағы он бес рет ұршы,  соның кешіріміне тағы он бес хадис санатымен айтып берші»,-деген екен.

    Екінші сипаты – ол есектегі сабырлылық. Сіз қанша жүк артсаңызда еш қарсылықсыз кете береді. Адам білім іздеуде сабырлылық танытпаса, білім өз нәтижесін бермейді.

  Үшінші сипаты – әтеш секілді ерте тұру. «Ерте тұрсаң, алдыңнан күн шығады, кеш тұрсаң, алдыңнан түн шығады» дегендей, қараңғылыққа емес, жарыққа ұмтылайық. Көкірегімізді надандыққа емес, тазалыққа толтырайық.

 

 

 

0 пікір