Білім-діннің қазынасы
Білім-діннің қазынасы
24.07.2019 11:43
356
0

Бірде Хасан Басриге бір әйел келіп сұрады:

“О, имам! Дін тазалығы дегеніміз не? Діннің мәні неде? Діннің қазынасы дегеніміз не?”.

Хасан Басри былай деді:

“Осыны өзіңіз айтып көріңізші, біз тыңдап көрелік!”.

Сонда әйел айтты:

“Діннің тазалығы дәрет алуда жатыр. Діннің мәні - Алладан қорқу және Оның алдында ұялу. Ал діннің күші - намаз. Сондай-ақ, Ұлылық иесі Раббым Алла ұялшақ құлын жақсы көреді. Діннің қазынасы - білім. Кім дәрет алуды елемесе, оның иманының таза болмағаны. Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ. Кім Раббым Алладан қорықпаса, оның иманының мәні болмайды. Кім білім таппаса - ол діннің қазынасына жолыға алмайды”.

Хасан Басри әйелдің айтқандарының бәрін мақұлдады.

 

0 пікір