Бәраәт түнінің есімдері
Бәраәт түнінің есімдері
08.04.2019 16:01
1860
0

Құдай жеткізсе биылғы жылы Бәраәт түні Сәуір айының 19 – ынан 20 – ына қараған түні болады. Яғни Жұмадан Сенбіге қараған түн.

  1. Бәраәт түні
  2. Кәффарат түні
  3. Шапағат түні
  4. Мағфират түні.

Енді осыларды жеке-жеке талдап өтелік:

Бәраәт түні деген не?

Ұлық Раббымыз кешірім есіктерін айқара ашып; бұл түні момын мұсылмандар кешірімге қарық болады, егер тәубе ететін болса күнадан тазаланады.  Бір жылдық жүзеге асатын барлық дүние бекітіліп періштелерге беріледі. Бұл түнге арнайы бір құлшылық жоқ. Күндізін ораза мен түнін құлшылық дұға-тілекпен өткізу әдемі амал.

Құран Кәрімде Дұхан сүресінің 4-ші аятында:

حَكِيمٍ أَمْرٍ كُلُّ يُفْرَقُ فِيهَا 

«Сол түні (Аллаһтың) хикметімен тағдырға жазылған әрбір іс нақтыланатын болады» - делінген түн осы Бәраәт түні екендігі айтылады.

Ал хадистер де:

«Сондай бір түн(дер) бар, сонда жасалған дұға-тілектер қабыл болады. Олар: Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының он бесінші түні, жұма және екі айт мейрамының түндері» деген.

Бәрағат түнін «Кәффарат» түні депте аталады. Бір хадисте «Кімде-кім айт түнін және шағбан айының он бесінші түнін құлшылықпен тірілтсе/оятса, жүректердің өлген күнінде ол кісінің жүрегі өлмейді»3

Бұл түннің тағы бір атауы да «Шапағат түні».

«Расулуллаһ шағбан айының он үшінші түні үмбетіне шапағат сұрап жалбарынды; Ол кісіге, үмбетінің үште біріне шапағат рұқсаты берілді. Он төртінші күні тағы сұрап дұға етті; бұл жолы үште екісіне шапағат ету еркі берілді. Он бесінші түні тағы бір мәрте жалбарынды, бұл жолы да, қашаған түйелер секілді Аллаһтан қашқандардан басқа барлық үмбетіне шапағат ету рұқсаты берілді»

Бұл түннің басқа бір есімі «Мағфират-кешірім түні».

«Аллаһ Тағала шағбанның он бесінші түні құлдарына назар аударып және жер жүзінде болғандардың ширк етушілермен қарадай қызғанушылардан басқа, барлық момын мұсылмандарды жарылқайды»

 

Баянауыл ауданы «Мұса-мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

0 пікір