БАҚЫТТЫҢ СЫРЫ – ЖҮРЕКТІҢ ТЫНЫШТЫҒЫНДА
БАҚЫТТЫҢ СЫРЫ – ЖҮРЕКТІҢ ТЫНЫШТЫҒЫНДА
13.12.2019 10:49
278
0

Әр жанұядағы кикілжің ұсақ тұрмыстық мәселелерден басталады. Соның бірі – ыдыс жуу. Күн сайын ыдыс-аяқты бір өзі жуып-жаюға міндеттелетін қыз-келіншектің көңілінде реніш туа бастайды.

 "Неге мен ғана жууым керек?", "Ыдыс жуудан жалықтым", "Ыдыстан қашан құтыламын?" деген сияқты ауыр ой – сізді бақыт жолынан адастырады. Үлкен жанжал болмашы ұрыстан басталады.

Ендеше ыдыс жуардың алдында шашылған дастарханға қарап отырып, осы жағдайдың жақсы жағын көруге тырысыңыз. Ішіңізден өз-өзіңізді көңілдендіріп, дастархан жинауға ыждаһатпен кірісіңіз.

 Ыдысты өз қолыңызбен ұстап тұрғаныңыз үшін, судың қолыңызға тигенін, көпіршіктерді сезіне алатыныңыз үшін өз-өзіңізге риза болыңыз. Бұл дүниеде қолы жоқ адамдар қаншама? "Менің аяқ-қолым сау, мен ыдысты өз қолыммен ұстай алам, ыдысты жууға қабілеттімін". Осы ойды ішіңізден қайталай беріңіз.

Бір жұтым суды өз аяғымен тұрып ішуді армандап жатқан жандар да бар ғой. Бақыттың сыры – жүректің тыныштығында. Деніңіз сау, он екі мүшеңіздің бүтін болғаны үшін өз-өзіңізді жақсы көріңіз.  Ыдыс-аяқ – тазалықтың көрсеткіші. Ыдыс-аяғыңыз да, көңіліңіз де кіршіксіз болсын.  

 

0 пікір