Азан-қазан жылап келдің жалғанға...
Азан-қазан жылап келдің жалғанға...
11.10.2018 11:45
374
0

Туған күнін оразалы өткізген Арда елші (с.ғ.с) қандай тылсым шерткісі келді екен.

Ораза нәпсіге ие болу.

Ораза аштардың халін түсіну.

Ораза осы дүние нығметтерінің өткінші бір пайдасы болғанын сезіну.

Ораза жамандық атаулыға бір қалқан болмақ.

Уа Раббым! Маған сондай бір өмір сыйлашы ізгі істерге кілт, жаманшылықтарға құлып бола алайын.

Уа Раббым! Маған сондай бір өмір сыйлашы сенің дініңнің қызметкері болуға сақадай сай болайын.

Өмірім де өлімім Саған тиесілі. Саған шыншыл және разы болған бір құл бола алайын...

Бір бәйт:

ولدتك أمّك يا ابن آدم باكيًا* 
والقوم حولك يضحكون سرورا
فاعمل ليومٍ أن تكون إذا بكوا* 
في يوم موتك ضاحكًا مسرورا

Аудармасы:

Азан-қазан жылап келдің жалғанға.

Ал адамдар күлуде еді ол маңда.

Сондай толы өмір сүрші тұрарлық,

Олар жылап, мәйтің күлсін сол таңда. (ауд. Г.Б)

Бүгін тілеуқор болған түгел аға-бауыр, дос-жаран, бізді бағып қағып өсіп-өнуімізге ерен еңбегі сіңген әсіресе әке-шешеме және барлық ұстаздарыма алғысым шексіз! 

Барлығыңыздың барлығыңыз балдай бақыт қой!!!

Аударған: Берікбай Германұлы

(Сүлейман САРЫ ұстазымның жеке парақшасынан)

10.10.2018 ж.

0 пікір