АУРУҒА САБЫР ЕТУДІҢ СЫЙЫ
АУРУҒА САБЫР ЕТУДІҢ СЫЙЫ
17.09.2021 11:02
447
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «(Нағыз) мүміннің әр халі қайырлы. Рухы денесінен шықса да, ол Алла Тағалаға хамд (мақтау) айтады». (Сүнән Нәсәи)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ауруын уайымдап, төзімділік таныта алмаған мұсылманның ісі таңқаларлық. Егер ол адам сол ауру арқылы қандай жақсылықтарға ие болып жатқанын білсе ғой, ауруының өмір бойы жалғасқанын тілер еді».

Сонсын Пайғамбарымыз (с.а.у.) көк жүзіне көз салып күлімсіреді. Сол кезде сахабалар (Алла олардан разы болсын): «Уа, Расулаллаһ! Аспанға қарап күлімдеуіңіздің себебі не?» деп сұрады. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: 

«Екі періштеге таңқалдым. Олар үнемі мешітте отырған бір адамды тынбай іздеді. Бірақ таба алмады. Сонсын кері қайтып:

«Уа, Алла! Біз Сенің пәленше құлыңның күндіз-түні жасаған құлшылықтарын жазып жүр едік. Ал қазір ауруға шалдыққан екен, оның жазатын ешқандай амалын таба алмадық» - деді.

Алла Тағала:

«Құлымның күндіз-түні үзбей жасаған құлшылықтарының сауабын еш кемітпей (жасағандай етіп) жазуды тоқтатпаңдар. Оның ауруының сыйы менің мойнымда. Ал науқас бола тұра жасаған амалдарының сауабы бөлек» - деді.

 

 

0 пікір