АШУРА КҮНІ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
АШУРА КҮНІ НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
08.08.2022 10:48
290
0

قَالَ اللهُ تَعَالَى:... وَلَوْلَا فَضْلُ اللهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَاتَّبَعْتُمُ الشَّيْطَانَ اِلَّا قَلِيلًا. (سورة النساء، 83)

Aлла Tағала былай бұйырады (мағынасы): “Егер Aлланың сендерге деген шексіз шарапаты болмағанда басым көпшілігің шайтанға еріп кетер едіңдер”. (Ниса сүресі, 83-аят)

• Oл күні ұсақ-түйек азық-түлік алынса, бір жыл бойы үйде берекет болады.

• Кемі он мұсылманға немесе бір мұсылманға он рет сәлем беру керек.

• Жоқ-жітікті қуантып, көңілін аулау керек.

• Oл күні ғұсыл алғандарға бір жыл бойы майда-шүйде ауру жоламайды.

• 10 рет мына дұға оқылады: «Сүбханал-лаһи мил-әл-мизан, уә мүнтәһәл-илми, уә мәбләғар-рыза, уә зинәтәл-aрш».

• Ашура күніне арнап сәске кезінде 2 рәкағат намаз оқылады. Әр ракағатта 1 «Фатиха», 50 «Ықылас» сүресі оқылады.

Ал намаздан кейін мына салауат 100 рет қайтара оқылады: «Аллаһуммә салли алә Сәййидина Mұхаммедин, уә алә али Сәййидина Mұхаммедин, уә Адамә, уә Нухин, уә Ибраһимә, уә Муса, уә Иса, уә ма бәйнәһум минән-нәбиййинә, уәл-мүрсәлин. Саләуатул-лаһи уә сәламуһу алейһим әжмаин».

• Бесін мен екінді арасында 4 рәкағат намаз оқылады. Әр рәкағатта 1 «Фатиха», 50 «Ықылас» сүресі оқылады. Намаздан кейін: 70 истиғфар, 70 салауат, 70 «Лә хаулә, уә лә қууәтә, иллә бил-лаһил-алийл-aзиим» - деп айтылады. Онан соң Мұхаммед үмметінің тура жолдан айнымай, азапқа ұшырамауы үшін дұға жасалады. («Дұға және ғибадаттар»)

АСХАНА: АШУРА

Қажетті заттар: 1 кг жарма бидай, 2 кг. Қант, жарты килограмнан ноқат, фасоль, миіз, 1 стакан күріш, жұқалап туралған кептірілген інжір, жұқалап туралған кептірілген өрік, жаңғақ, анар дәнектері, фундук, 3 дана жұқалап туралған алма, азғантай даршын (дәм қабық, корица), 1 пакет балқарағай жаңғағы, 1 пакет қара мейіз. 

Дайындалуы: Бидай кешке пісіріледі. Ноқат, құрғақ фасоль, мейіз кештен бастап суға салынады. Ертеңіне жеке-жеке қайнаған суға салынып, сүзіледі. Барлық заттар үлкен ыдыста араластырылады. Ашураның бабына қарай су құйылады. Қайнай бастағанда інжір, өрік, алма және шекер қосылады және бал түсті болғанға дейін пісірілген соң ашураны күттірмей табақтарға салып үстіне жаңғақ, фундук, анар, фесташка және даршын себіледі. Бұл заттардан шамамен 40-50 кісілік ашура шығады. 

0 пікір