АШУРА КҮНІ БОЛҒАН ЖӘНЕ БОЛАТЫН КЕЙ ОҚИҒАЛАР
АШУРА КҮНІ БОЛҒАН ЖӘНЕ БОЛАТЫН КЕЙ ОҚИҒАЛАР
18.08.2021 10:40
1159
0

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім, Ашура күні бала-шағасына жомарт болса, Алла Тағала жылдың барлығында оған ризық кеңдігі береді». (Суюти, «әл-Жамиғ ус-Сағир»)

 Mұхаррам айының оныншы күні – Ашура. Ашура күнінде ерекше айтулы, әрі маңызды оқиғалар болған. Фақиһ Әбу Ләйс Самарқанди (рах.) айтуы бойынша, Ашура күні болған оқиғалардың кейбірі мыналар:

Жер мен көктер жаратылған;

Адам пайғамбардың тәубесі қабыл болған;

Mұса пайғамбар Перғауынның қолынан құтылған және Перғауын суға ағып өледі;

Ибраһим пайғамбар дүниеге келген және оттан құтылған;

Аюб пайғамбардың дертіне дауа табылған;

Юнус пайғамбар киттің/балықтың ішінен аман шыққан,

Сүлеймен пайғамбарға салтанат/билік берілген;

Нұһ пайғамбардың кемесі Жуди тауының басына тоқтаған;

Хусейн (р.a.) шәйт болған күні де ашура күні болатын.

Қияметтің ашура күні болатыны да. хадисте айтылған. («Дұға және ғибадаттар»)

 

0 пікір