ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС 15 СӨЗ
ӘР МҰСЫЛМАН БІЛУІ ТИІС 15 СӨЗ
14.05.2021 09:49
1887
0

1) «Биссмилләһ!» - «Алланың атымен бастаймын», осылайша әрбір ісімізді Алланың атымен бастаймыз.

 2) «Әссәләму алейкум уә рахматуллахи уә баракатух» - «Алланың сәлемі, есендігі, тыныштығы мен рахметі болсын». Мұсылманның мұсылманға сәлем беруі.

3) «Аллаһу Акбар» - «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады.

4) «Субханналаһ» - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады.

 5) «Әлхамдулилләһ» - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру.

 6) «Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады.

 7)«Ин ша Аллаһ» – «Алла қаласа». Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады.

8) «Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил» – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші». Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады.

9) «Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим». «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады.

10) «Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады.

11) «Аллаху Мустаан» - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады.

12) «Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» - «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.

13) «Әмин» – «Дұғамызды қабыл ете гөр»

14 )«Баракаллаху фика» – «Алла Тағаланың разылығы болсын!» – рахмет айту ниетімен қолданылады.

 15) «Саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм» – «Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын». Мұхаммед Пайғамбардың есімі жазылған, естіген кезде айтылады.


 

0 пікір