AМАЛСЫЗ ІЛІМ ПАЙДА БЕРМЕЙДІ
AМАЛСЫЗ ІЛІМ ПАЙДА БЕРМЕЙДІ
07.12.2022 11:14
168
0

Имам Ғазали Әййүһәл-Уәләд атты еңбегінде былай дейді:

Әй, жігітім! Ілім үйренген соң, онымен амал жасамау ақылды адамға жараспайды. Ілімсіз орындалған амал жоқ тәрізді нәрсе. Өйткені біреуге намаз парыз болғанда оған қатысты ілімді білуі де парыз болады. Ал намазға қатысты білімі жоқ адам намазды қалай оқиды. Зекет, ораза, қажылық құлшылықтар да сондай.

Мынаны жақсылап біліп ал, амалсыз ілім сені күнә жасаудан сақтай алмайды. Және жалғыз ілім сені ғибадатқа ынталандыра алмайды. Ертең қияметте тек ілім үйренгендігің сені тозақ отынан қорғай алмайды. Сондықтан сен мына өмірде қолдағы мүмкіншілігіңді пайдаланып іліміңмен амал жасамасаң, босқа өткен күндеріңді ойлап, есіңді жиып өкінбесең, ертең қиямет күні ақыретте былай дейсің:

 “Бізді дүниеге қайтаршы, салих амал жасайын.”

Oл кезде саған былай дейді;

 “Сен сол қайтқың келіп тұрған жақтан келдің. Неліктен сонда жүргенде салих амалдар жасамадың?”

Олай болса, ақылды адамға лайық нәрсені мына өмірде қолыңда мүмкіндік барда қайырлы амал істеп, ақыреттік мекеніңе барған соң кері қайтуға мұқтаж болмағайсың.

Алла Тағала барша мүмін құлына салиқалы амал жасауды бұйыртсын. Амин.

 

0 пікір