Алланың шынайы діні
Алланың шынайы діні
01.02.2018 13:13
468
0

Аллаға беті дұрыс шынайы дін – ислам діні. Сондықтан Құранда: «Ислам дінінен басқа дінді көксейтіндердің ешқайсысының тілегі қабыл болмайды. Ол қияметте зардап шегеді» [3,85], – деп жазылған.

 Сонымен, кіріспе сөзіміздің соңында айтарымыз: Құран – Жаратушының адамзат баласына жіберген ең соңғы кітабы. Ал Мұхаммед ақырғы Пайғамбар [3,144]. Олай болса, алдағы өте алыс уақытта жер жүзіндегі барлық халық Құранды мойындап, ислам дінін қабылдайды деп жорамалдауға болады. Бұл заманның қашан болатынын бір Алла ғана біледі.

Құранның мәтіні Тәурат, Забур немесе Інжілден алынбаған. Киелі кітаптарды Алла  жібергендіктен, олардың араларында ұқсастықтар бар. Бір-бірінен айнымайтын немесе бір-біріне өте ұқсас жерлері де бар. Өйткені бәрін жіберген – Алла Тағала. Бірақ Тәурат, Забур және Інжілдің мәтіндері адамдар тарапынан өзгертілгені туралы жоғарыда айтылды, Алла Құранның түпнұсқасы мәтінін олардан кейін жіберген. Шындығына келсек, Құран өзінен бұрын жіберілген үш киелі кітапты түзетеді. Мұны Алла Құранда ашықтан-ашық білдірген. «Бұл Құранды Алладан басқаға телуге тіпті де болмайды. Ол өзінен бұрын Жерге түсірілген кітаптарды (тәуратты, інжілді) бекітіп, Алланың тағылымын түсіндіреді. Оған ешқандай күмән жоқ. Ол әлемнің Әміршісі тарапынан жіберілген» [10, 37].

Тәурат, Забур, Інжіл және Құранды оқыған адам бұл кітаптар мен Құран арасының айырмашылығы Жер мен көктей екенін аңғарады. Тәурат, Забур және Інжілдердің тек қана өмірбаян кітабы екенін, ал Құранның Алла сөзі екендігін көреді. Сондықтан да, көптеген ілімді адамдар мұсылман болуда. Бұған қоса, 645 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Құранның бірде–бір сөзінің өзгермегенін айта кеткен жөн.

 

Серік ЖАҚСЫБАЕВ,

 «Ғылым Құраннан басталады» мақаласынан үзінді

saryarka-samaly.kz

0 пікір