Алланың алдындағы ең құнды нәрсе
Алланың алдындағы ең құнды нәрсе
27.07.2019 18:00
829
0

«Алла алдында дұғадан құнды нәрсе жоқ» (Тирмизи, «Дағауат»,1)  Дұға еткен адам Алланың ұлылығының алдында өзінің әлсіздігін мойындайды, оның ұлылылғы мен құдіретіне сүйіспеншілік және құрмет сезіммен бас ұрады. Раббысынан дүние мен ақыретте ізгілік, нығмет сұрап, күнәлары мен қателіктерінің кешірілуін тілейді. Қиын кездерде оған бұрылып, қиыншылықтан құтқару үшін жалбарынады. Дұға оны «Құлдарым, мені сенен сұрайтын болса (білсін);  расында мен (оларға өте) жақынмын. Маған дұға еткен кезде дұға еткеннің дұғасына жауап беремін..» (Бақара сүресі,2/186) деген Жаратушысына жақындататындығын біледі.

Дұға еткен адам Раббысына жақындай түседі, жаратушысымен арасына байланыс нығаяды. Раббысының өзіне өте жақын екендігін, өзін еститіндігін біледі. Осы түсінік, осы сезіммен жасалған дұға, адамның Жаратушысына деген иманының, сенімінің және сүйіспеншілігініің көрінісі. Сол үшін  Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Алла алдында дұғадан құнды нәрсе жоқ» деген.

 

0 пікір