Аллаға шүкір!..
Аллаға шүкір!..
14.05.2019 12:46
205
0

Алла Тағалаға шүкіршілік айтуымызға себеп көп екен.

Мысалы, бүгінгі таңды алайық:

 Таңертең ояндым... Алдымда тағы да ізгі істердің багажын толтырып, жақсылығымды арттыратын немесе өз күнәма кешірім сұрап, тәубе етуім үшін тағы да бір күн бар, тағы бір мүмкіндігім бар, Аллаға шүкір!

 Төсектен тұрдым, денемнен ешқандай сырқат пен жағымсыз әсерлерді байқамадым. Осыншалық күш, қуат пен денсаулық берген Жаратушыға мың да бір шүкір! (Өмірде қаншама науқас адамдар бар...)

 Кейбір жан ішуге ауыз су таба алмай отыр. Ал мен сергек күйде салқын сумен жуындым. Аллаға шүкір...

 Өмірде қаншама адамның сезім мүшелері жұмыс істемейді, олар жеген тамақтарының дәмін де сезбейді... Ал мен  таңғы асымды іштім. Алла Тағала маған барлық дәм сезу қабілеттерін берген екен, жеген әр тағамымның дәмін сезе отырып, рақаттандым, бойыма күш-қуат алдым. Аллаға шүкір!

Алла маған таңның рауандап атуы мен күннің батуын, гүлдер әлемін тамашалауға мүмкіндік берді. Осы тамаша сұлулықты көрмей де өмір сүруім мүмкін еді ғой... Аллаға шүкір!

Жұмысқа кетіп барамын. Автобуста анасының алдында еркелеп, кіршіксіз сыңғырлай күліп отырған сәбидің дауысын естідім. Жүрегім қуанышқа бөленді. Есту қабілетінен айырылған қаншама жанның барын есіме алдым да, шүкіршілік еттім. 

Аллаға шүкір! 

Ал сіз дәл бүгінгі таңда не үшін шүкіршілік айтар едіңіз?

0 пікір