Алладан жарылқау тілейік
Алладан жарылқау тілейік
09.07.2019 10:23
1767
0

Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға мақтау! Ол біздің дәріптеп, жәрдем сұрарымыз, жарылқаушымыз. Ол кімді туралыққа салса, оны адастырар ешкім жоқ, ал кімді адастырса , оны туралыққа салар ешкім жоқ. «Серігі жоқ, жалғыз Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі» - деп куәлік беремін. Соңғы пайғамбар Мұхаммадқа және оның үй іші мен сахабаларына және оның жолымен жүргендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!

Аллаһ Тағала адамның пешенесіне қашан, қай жерде жан тапсырарын жазып белгілеп қойған. Өмірдің әр бір сәті, біреуге пайдалы біреуге пайдасыз өтіп жатыр. Өлім туралы болса еш ойлағымыз келмейді.Өмірімізде өлімге орын жоқтай, тіпті еш өлмейтіндей, қанша ғұмыр сүретінімізді білетіндей күн кешеміз. Өміріміздің әрбір сәтінде жүздесіп жүрген өлімге еш қатысымыз жоқтай, байқамайтындаймыз. Бақилық дүниеге аттанған жақындарымыздың, достарымыздың жаназасы да бізге, өз өлім шағымызды ойландыруға жеткіліксіз қалып жатады. Кенеттен, аяқ астынан аттанып кете беретінімізді ойлағымыз келмейді. Ал өлім деген, біздің өміріміздің көлеңкесі іспеттес, әрдайым қасымызда. Өлім шынайы өмір, ал өмір болса қысқа бір ғұмырлы уақыт. Уақытша пайдалану болып табылатын дүние тіршілігінен қол үзген адам пәниден бақиға көшеді. Оны Ақырет деп айтады. Ал ол – мәңгілік. Ол жайлы Аллаһ Тағала Құран Кәримде: «Шын мәнінде бұл дүние тіршілігі (уақытша) пайдалану ғана. Ал Ақырет, ол-тұрақты мекен» - деген (Ғафыр, 39).

Бұл өмірді қазақ қамшының сабындай ғана қысқа деп айтуының себебі де осы болар. Өлімнің келуімен адамның бұл дүниедегі өмірі аяқталып, амал дәптері жабылады. Жақсы-жаман амалдары да тоқтайды. Алайда, Алланың қалауымен кейбір кісілердің амал дәптері өлгеннен кейін де жабылмай ашық қалып, артында қалдырған игі амалдарының сауабы үздіксіз жазылып тұрады. Бұл жайында Имам Мүслимнің сахих хадистер жинағында сахаба Әбу Һұрайра (р.а.) риуаят еткен пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде былай делінген: «Адам баласы дүние салғаннан соң оның амалы тоқтайды. Тек мына үш амалдың сауабы иесіне үздіксіз жетіп тұрады. Олар: Садақа жария, пайдалы ғылым, артынан дұға қылатын салихалы перзент».

Бұл дүниеде жинаған атағыңды да, бастық болғандығыңды да, байлығыңды да осы дүниеде қалдырып кететініміз шынайы ақиқат. Имансыз адамдар қазырғы заманда өмірлерін ұзартып өлімнен қашып құтылу жолдарын қарастыруда, бірақта барлық ізденіс мехнаттары пайдасыздыққа ұшырауда. Өлім ерте ме кеш пе бізге келеді. Оның да дәмін татамыз. Бірақ қай уақытта келерін білмейміз. Осы жалған дүниеде біз жолаушымыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) : ”Өлімді жиі ойға алыңдар”, “қабірге барып тұрыңдар” деген. Тәкәппарлығымыз өзімізді Жаратушының құлымыз деп мойындауға жібермей, сәждеге бас ұрып құлшылық қылуға бой бермеуі, кейде әлі жаспын ғой, ертең шал болғанда оқимын намазды демейміз бе. Егер бүгін сен өлесің дайындал деген хабар келсе, мына дүниенің барлық ісін тастап бірден уақытымызды құр жібермей құлшылық қыларымыз анық. Өлім – осы дүниедегі уақытша өмірдің аяқталуы, мәңгілік әлемнің, яғни о дүние өмірінің басталуы. Қасиетті Құранда және хадистерде анық түрде жан тіршілігі өлетінін дәлелденіп кеткен:

كُلُّ نَفْسٍۢ ذَآئِقَةُ ٱلْمَوْتِ

Мағынасы: р бір жан иесі өлім дәмін татиды" деген ("Әли Имран", 185 аят) .

Қазақтын дара туған данасы Абай атамыз өлім жайлы айтып кеткен өлеңі:

Адамзат – бүгін адам, ертен топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ,

Ертен өзің қайдасың, білемісің?

Өлмек үшін туғансың, ойла шырақ!..

 

Ажалдан тығылып немесе жасырынып қалу мүмкін емес. Адам жан тапсырысымен қайтып келіп  қателіктерін түзетуі еш мүмкіндігі болмасы анық, сол себептен алдын-ала Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай: « Өмір сүріңдер ертен өлетіндей» дегендей, Жаратушымыз мүмкіндік беріп тұрғанда ізгі амалдар істеп күнә, харам  істерден тиылуға тырысу керек. Сондай-ақ Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Қиямет күні адам баласы, қашан ол өмірінен, оны не нәрседе өткізгендігі және іс-амалынан, оны не нәрседе істегендігі және мал дүниесінен, оны қайдан тауып, қайда жұмсағандығы және тәнінің, оны не нәрседе пайдаланғандығынан сұрамайынша, оның екі аяғы қозғалмайды» – деген (әт-Тирмизи).

Адам баласы ажал жәйлі ойлауын  исламда қолдайды себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларынада өлімді ойлап тұруларына үйреткен « Жиі қуанышты жоятын ажалды еске алып тұрындар» деген. Өлімді ойлаумен адам баласы өзін қызғаныштан, дүние құмарлық нәпсінен арылады. Қиын жағдайда өлім жәйлі ойланатын болса онда ол ойлары оған жеңілдік әкеледі, егер күнә істерге бой алдыратын болса бақиға аттанары хаққ екеніне иман келтірсе онда тәубесін еш кешіктіріп кейінге қалтырмас еді. Маңыздысы ауырған хәлде ажал жәйлі ойланатын болса, онда жүрегі елжіреп күнә іс-ойлардан арылып Алланың жазғанына бой ұсынып сабырсыздыққа бой алдырмас еді. Ең маңыздысы жан тапсырғалы жатқан адам қасында болса оған кәлиманы айтып, қайталаумен есіне салып отыруы Аллаға иман келтіруіне « Лә иләһә иллоллаһ» дей отыра көмегін көрсетуі. Қайтыс болған адам жаны тәнінен арылып, денесінен жанды Азрайль періште кеп муминнің жанын аларда ол көркем пішінде келіп жеңілдікпен әкетер, ал күнәхар адамға қорқынышты түрде қинаумен жан тапсыртқызары хақ. Өлім – ол өмірдін аяқталуы емес, ол дүние михнеттерінен арылып бақи ғұмырына көшуі. Сол себептен Алла Тағаланың әміріне бой ұсынған пендеге бұл қуанышты мезгіл, себебі фәниде болған  таршылық, алаңдаушылық, қиыншылық, ауыртпашылығынан азаттануы.

Ұлы Жаратушымыз Құран Кәрімде: «Қиямет күні әділдік таразысын құрамыз. Ол жерде ешбір жан әділетсіздікке ұшырамайды. Істелінген іс бір хардал дәнінің салмағындай болса да, оны таразыға әкеліп тартамыз. Есеп алушы ретінде біз жеткіліктіміз» («Әнбия» сүресі, 47 аят)

Өлімнен кейін жаңа өмір, жұмақ та, тозақ та бар. Олай дейтініміз, Ұлы Жаратушының адам баласының екі дүние бақыты үшін түсірген ақырғы кітабы — Құран Кәрімнің өлгеннен кейін қайта тірілу тақырыбын қасиетті кітабымыздың шамамен үштен бірінде сөз қозғауы — бұл сенімнің қаншалықты маңызды екенін нұсқаса керек. Ақыреттің болатыны күмәнсіз, хақ. Шәкәрім ақынның:

«Әлемдегі діндердің түп мақсұты

Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар:

Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар», — деп жырлаған.

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) бір сахаба: "Уа, Алланың елшісі! Қандай садақаның сауабы көп?", - деп сұрағанда. Ол (с.ғ.с.): "Денсаулығың мықты кезіңде, әрі бойыңды сараңдық билеп, байыған үстіне баюды көздегеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаның жан алқымға келіп, "мынаншасын пәленшеге берем, мынаншасы да түгеншенікі" дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма. Өйткені өлген соң, жиған-терген дүниең онсыз да түгеншенікі болады" - деген еді.

Алла Тағала: "Егер құлым Маған бір сүйем жақындаса, мен оған бір шынтақ бойы жақындаймын. Егер ол бір шынтақ бойы жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындай түсемін. Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін" - деп айтты.

Игі сауапты іс жасауға асығыңдар. Өйткені жақын келешекте жер бетінде көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде адам таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір, кешке кәпір, таңертең мүмін болып тұрақсыз күй кешеді. Ойланбастан дүнйелік нәрсеге бола дінін сатады. Сондықтан адам баласы алдымен өлмес бұрын тәубесіне келіп Ұлы Жаратушымызға құлшылық қылып, бойұсынуымыз керек. Арабтың тілінде бойұсынуды "тәубе" деген сөзбен белгілейді. Пенде  өзінің күнәләрінә өкіне, кешірімді жаратушы бір Алладан сұрайды. Алла Тағала өзінің құлының кешіруі  азат етуіне ниет білдірсе кешіреді. Қасиетті Құранда Алла Тағала:

اسْتَغْفِرُوا اللَّـهَ إِنَّ اللَّـهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ

Мағынасы: "Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді." деген ("Аль-Музаммиль", 20 аят).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күнәдән пәк бола тұра, әйтседе Алладан кешірім сұраумен  болдуы мұсылмандарға тәрбие, үлгі үшін хадисінде: «Мен күніне Алладан 100 мәрте жарылқау тілеймін» деген.

Адам баласы тәубе шарттарына мән берсе! Күнәға тәубе ете тұра оны қайталамауға тырысар еді.Харамды, шарапты  ішкеніне шын жүрегімен өкінуі тәубе болып саналмасы анық. Әрине адам әлсіз болып жаратылған соң ол күнә істемейді деуге болмас,бірақта тәубесіне келісімен неғұрлым күнә істерді ешқашан қайталамауға бекінуі керек.

Өмір адам баласына бір-ақ рет беріледі. Сондықтан да, мүмкіншілігіміз болып тұрған кезде ізгі амалды көбірек жасағанымыз жөн. Өйткені, бұл дүниеде жасаған әрбір ізгі амалымыз ертеңгі ақыреттегі азығымыз болмақ. Сондай-ақ, жасаған әрбір амалымыз таразымыздың ауыр басуына себеп болады. Аллах бәрімізге құлшылық етерлік ғұмыр нәсіп етсін. Әмин!

Матаев Дулат Қабиденұлы.

 

0 пікір