“АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН” ДЕП АЙТПАҢЫЗ...
“АЛЛА РАЗЫЛЫҒЫ ҮШІН” ДЕП АЙТПАҢЫЗ...
25.05.2022 10:14
715
0

Алла разылығы үшін” деп айтпаңыз...

Неге? ⠀

«Сендерге адамдардың ең жаманы кім екенін айтайын ба? Ол Алла разылығы үшін бір нәрсе сұрап келген адамның сұрағанын бермеген адам»,

«Алла разылығы үшін деп сұраған адам – лағынетке ұшырайды. Алла разылығы үшін сұрап келген адамның қолын қайтарған адам да лағынеттеледі» делінген. ⠀ Барлығымыз білеміз “Алла разылығы үшін” деп сұраған жанның қолын қайтаруға болмайды. Бірақ... қаншалықты сіз ол сөзді дұрыс қолданып жүрсіз. Инстаграм желісін белсенді қолданып бастағанымнан бері неше түрлі адамды көріп, өзім таң қалдым, әрі сөйлеген сөздеріне де... ⠀

 Бұрынғы заманда тек қиын сәтте қолданған сөзді, қазіргі кезде әрбір 2-3 сөйлемге қосатын болып кеттік. Мысалы: “маған Алла разылығы үшін тіркеліңіз”, “Алла разылығы үшін маған ақша беріңізші”, “Алла разылығы үшін маған тұрмысқа шығыңызшы”, “Алла разылығы үшін киім беріңізші”, “Алла разылығы үшін қарызға 300мың беріңізші”, “Алла разылығы үшін оқуымның ақшасын жауып беріңізші”, “Алла разылығы үшін маған лайк басыңызшы”, “Алла разылығы үшін менімен сөйлесіңізші”, “Алла разылығы үшін сториске аккаунтты салып беріңізші”... неге ауыр сөзді күнделікті сөз қылып жібердік? ⠀

 Сонда Алланың разылығы сіз үшін осылар болып тұр ма? Алланың разылығы бұл емес, қателесесіз! ⠀

Білесіз бе?

Әрбір айтқан сөзіміз үшін ақіретте жауап береміз. ⠀

Неге қазіргі сәтте Алланың разылығын осындай төмен дүниемен, болмайтын заттармен есептеп кеттік?! ⠀

 Тек айтарым, ол әдет сізде бар болса барынша құтылуға тырысыңыз және баршамызға Алла хидаят берсін

0 пікір