Алла «Бол!» десе, болады
Алла «Бол!» десе, болады
01.02.2018 13:19
938
0

«Құранның жүрегі» деп саналатын Йа-син сүресінде: «Бірер затты жаратқысы келсе, (Алла): «Бол!» - дейді, болады» [56, 82]. Бұдан біз Құдайдың құдіретінің шексіз екендігін білеміз.

Осы жерде реті келгенде астын сызып тұрып айта кетсек, білім күннен-күнге дамыған сайын Құрандағы ғылыми аяттардың дұрыстығы расталуда. Бүгінде адам ақылы тарапынан ешқандай өзгеріс пен бұрмалануға ұшырамаған аспан әлемінің қасиетті төрт кітабы ішінде тек жалғыз ғана Құран екендігін жер бетіндегі адамзат баласының барша зиялы өкілдері мойындайды деп күмілжімей айтуға болады. Құран Кәрімнің таң қаларлық ғажабы – мұнда тарихтың өтпелі бүкіл уақытында адамзат баласына шешілуі аса қажет көптеген әлемдік және өмірдің мәніне байланысты сауалдардан бастап, ғылымның эмбриология, физиология, астрономия, геология, биология, океанология, физика, эпидемиология және басқа салаларына дейін әртүрлі мәселелерді де қамтуы. Міне, осыдан болар, қасиетті Құранды құмарта оқыған адамның аяттарда ойлануға, ақылмен сезінуге һәм зерттеуге ашық шақыратын келелі мәселелердің көптігіне көзі жетеді.

 

 

Серік ЖАҚСЫБАЕВ,

 «Ғылым Құраннан басталады» мақаласынан үзінді

saryarka-samaly.kz

0 пікір