ӘЛЕМ СЕН СИЯҚТЫ ЖАНДАРҒА МҰҚТАЖ!
ӘЛЕМ СЕН СИЯҚТЫ ЖАНДАРҒА МҰҚТАЖ!
03.07.2020 11:31
326
0

Достарыңның арасында міндетті түрде гүлдің шешек атқанын, бұлттың ерекше күлкілі пішінді көрсеткенін, көршінің мысығының көзі күнде өзгеретінін байқайтын біреу болады. 

Ол темекі тартқан адамның бәрін айдаһарға, арқасынан рюкзагын тастамай жүретіндерді періштеге ұқсатады. 

Ол көктемнің самалына сәлем беріп, ескі досын көргендей қуанады. 

Сен жыласаң, шаршамай жұбатады. Көз жасың кепкенше сабырмен күтеді. Соғып алған тізеңнің қаны тоқтағанша жаныңнан табылады. 

Көлеңкесінен қашып құтылуға тырыспайды. Керісінше сол көлеңкемен би билеп үйренетін бір ерекше әпенді дос болады. 

Үйін қандай жақсы көрсе, сапарға шыққанды да сондай жаны сүйеді. 
Ол басқалар не ойлайды дегенді қаперге алмастан көшеде ән салып, саябақта билеп, құстарға құлақ түре жүреді. 

Өзгенің көрген түсін мұқият бағалайтын, біреуді сыртынан сөгудің не екенін білмейтін, үрей бас көтергенде де жүрегі жап-жарық боп тұратын жандар болады. 

Өн бойындағы сиқырды, жарықты, ғажапты, тылсымды, өмірді – қалай айтсаң да бәрінің мағынасы бір ғой, соны сақтап үйренген жандар болады. 
Бұл дүние мейірімді, қайсар, әділетті жандарға мұқтаж.  Тура сен сияқты!

 

Аударған Шынар Әбілдә

0 пікір