Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 9
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 9
21.09.2019 14:46
1447
0

 (3 – Елшілерге иман келтіру; Елшілер, Аллаһтың таңдап және елші ретінде жіберген дара тұлға жандары. Олар күнәдан пәк әрі сақталған тұлғалар. Бірақ адам ретінде кей кішігірім қате кемшіліктері болады. Имам Мәудидің айтқанындай, Елші де қателік жасауы керек қой, Тәңір емес екендігі түсінікті болып ешкім де кейін тәңір тұтып жүрмеуі үшін. Елшілер қателік жасағанда немесе аяқтары тайса Аллаһ дереу ескерту жіберіп туралап отырады.)

قال الامام ابو حنيفة
والأنبياءُ عليهِمُ الصلاةُ والسلامُ كلُّهُم منــزّهونَ عن الصغائِرِ والكبائِرِ والكفرِ والقبائِحِ وقدْ كانتْ منهُم زلاتٌ وخطيئاتٌ، ومحمدٌ رسولُ اللهِ صلى اللهُ عليهِ وعلى ءالهِ وسلمَ، نبيُّهُ وعبدُهُ ورسولُهُ وصفيُهُ، ولم يعبدِ الصنمَ، ولم يشركْ باللهِ طرفةَ عينٍ قطّ، ولم يرتكب صغيرة ولا كبيرة

 

Елшілерге иман келтіру – 1

Имам Әбу Ханифа былай дейді:
«Елшілердің барлығы кішкене, үлкен және күпірлік әрі бейәдеп жағдайлардан бек аулақ. Бірақ олардың кемшіліктері және қателері болған. Әз Мұхаммед Аллаһтың нәбиі, құлы және елшісі ретінде таңдалып тап-таза бір адам баласы. Ол ешқашан пұтқа табынбаған, қасқағым сәт болса да Аллаһқа ешбір ортақ қоспаған. Ол үлкен және кішкентай ешбір күнә жасамаған.»
Ашықтау:

1- Олар күнәдан және бейәдеп жағдайлардан бек аулақ. Елшілер тап-таза тұлғалар. Олардан жалған тіпті бет қызартатын нәрсе және күнәлі іс шықпайды. Бірақ кейбір кішкентай кемшіліктер жасаған. Мысалы Адам атаның лағнат шайтанның уәсуасасымен тиылған жемістен жеуі секілді. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жағдай пайғамбарлықтан әуелі еді. (қар.з Алиюл-Қари, Шәрхул Фиқһул Әкбар, 131).  Құран да: «Және шайтан оған жасырын тіл қатты: Әй Адам! деді Саған өлмес өмір және еш құламайтын патшалық жолын көрсетейін бе?..». «Соңында ол екеуіде ағаштан жеді және ұятты жерлері ашыла бастады, дереу жәннат жапырақтарымен жабуға тырысты. Осылайша Адам, Раббына қарсы болды және шынымен бір қате жасады. Сосын Раббы оны таңдады, тәубесін қабыл етті және оған жол көрсетті (һидаят берді)» (Taha сүресі 120-122 аяттар). Бәріміз үшін алғашқы кісі Адам атаға жәннат көрсетілді және бір жағдаймен ол жерден жер бетіне түсірілді.  Қанекей қолдан шығарып алған ұжмаққа жету үшін құлшыныңдар дегендей. Сондықтан адамзат баласының ішінде бір жаннатқа деген аса сүйіспеншілік бар, әсем бір нәрсе көрген кезде жаннат секілді дейді.
Адам баласы жаратылысы бойынша жер бетіне тиесілі және бұл мекен олар үшін бір сынақ алаңы. Қолдан шығарып алған ұжмағын қайтадан қайтарып алу үшін ұмтылу қажет. Егер осы істе жеңіске жетсе өлгеннен соң жаннатқа қауыша алады.  

2 – Әз Мұхаммед (с.ғ.с) де күнәдан пәк және жағымсыз істерден пәк. Ол ешқашан пұтқа табынбаған, қасқағым сәт болса да Аллаһқа ешбір ортақ қоспаған. Ол үлкен және кішкентай ешбір күнә жасамаған. Ғарышкер елші соңғы елші. (Aхзaб сүресі 40 аят.) Оның ең дара ерекшелігі ең сенімді кісі болуы. Аллаһ оны нәби және елші ретінде таңдап соңғы кітап Құран мен бірге адам мен жынға жіберген. Ол адамдарға Құранның қалай өмірде жүзеге асатынын түсіндіріп тікелей өзі іс жүзінде өмір сүріп көрсеткен. Сұңғыла елшінің бұл тағлымына Сүннет дейміз. Оның сүннетін бізге мужтәһид сахаба, табиғун және әтбағу табиғун жеткізген. Дәрет қалай алынып намаз қайтіп оқылатыны секілді...  Бұл жүйе толық түрінде бізге нақыл етілген. Хадистер болса сүннеттің дәлел-дәйектері болып табылады.  Ақиық елші рисалаттан да бұрын таптаза әрі сенімді бір ғұмыр кешіп, 40 жыл кәдімгі қоғамға емтихан тапсырғандай, ол міндетінде абыроймен атқарды.  Елшілік кезінде де еш өзгерместен тәкаппарланбай, сол баяғы қарапайым және текті өмірін жалғастырған. Адам баласы болғандықтан кейбір қателіктері болғанда Аллаһ тарапынан ескерту алып түзетіліп отырған. Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын!

Баянауыл ауданы «Мұса мырза»

мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір