Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 6
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 6
28.12.2018 09:09
1186
0

(Құрандағы мутәшәәбих (астарлы) мәселелерге текқана иман ету керек; жорамал жасалмайды. Өйткені бұлар ғайб мәселелері.)

: قال الامام ابو حنيفة
وهو شىءٌ لا كالأشياءِ، ومعنى الشىءِ إثباتُهُ بلا جسمٍ ولا جوهرٍ ولا عَرَضٍ، ولا حدَّ لهُ، ولا ضدَّ لهُ، ولا ندَّ له، ولا مِثلَ لهُ. ولهُ يدٌ ووجهٌ ونفسٌ كما ذكرَهُ اللهُ تعالى في القران، فما ذكرَهُ اللهُ تعالى في القران، منْ ذكرِ الوجهِ واليدِ والنفسِ فهو لهُ صفةٌ بلا كيفٍ، ولا يقالُ إنّ يدَهُ قدرتُهُ أو نعمتُهُ، لأنَّ فيهِ إبطال الصفةِ، وهوَ قولُ أهلِ القَدَرِ والإعتزالِ، ولكنْ يدُهُ صفتُهُ بلا كيفٍ، وغضبُهُ ورضاهُ صفتانِ من صفاتِهِ بلا كيفٍ

 

Имам Әбу Ханифа (әл-Фиқһул Әкбарда) былай дейді:

«Аллаһ сондай бір нәрсе, басқа нәрселер секілді емес. Осы жердегі (ұқсамау) нәрсе сөзінен түсінілетін; Аллаһтың барлығы дене, жәуһар (атом, бөлшектенбейтін дене) және ғарад (көрініс, түртұлға, кейіп, бейне, сәуле және шағылыс)тан ада пәк болуы. Аллаһтың шегі, қарсысы, ортағы, теңдесі және ұқсасы мүлде жоқ.

Оның Құранда айтылғандай иәді, уәжһі және нәфсі бар. Аллаһтың Құранда айтылғандай иәді, уәжһі және нәфсі секілді нәрселер кейіпсіз сипаттары болып табылады. Оның иәді, яғни құдреті немесе нығметі делінбейді. Өйткені бұлай делінсе сипатты жоққа шығару болады. Бұл (яғни сипаттарды жоққа шығару), Қадария және Муғтазила көзқарастарынан еді. Оның иәдінің кейіпсіз сипаты болғанындай, Ғадабы (ашуы) мен ридасы (разылығы) да кейіпсіз сипаттарынан екі сипат болмақ».

Ашықтау: Имам Ағзам бұл жерде Аллаһтың заты және сипаттарымен жалғыз, теңдессіз екендігін ашықтап әрі Құранда өткен екі мәселеге тоқталуда:

Алғашқысы Шура сүресінің  11 аятындағы (ليسَ كمثلِهِ شىءٌ) «Оған ұқсайтын еш нәрсе жоқ» мәселесі. Бұл аятты қалай деп түсінеміз деген сұраққа жауап беруде.

А - Бұл аяттан түсінікті болған, Аллаһтың бар болуы дене, жәуһар және ғараддан ада күде пәк болуы. Өйткені дене, бір нәрселерден құралады. Жәуһар дегеніміз бөлінбейтін ең кішкентай бөлшек демек. Бұл дегеніміз күніміздегі атом, қазір ол да бөлінетіні белгілі болды. Ғарад болса, денелермен атомдардан құралған барлық. Ал, Аллаһ бұлардың барлығынан пәк. Өйткені мұның барлығы кейіннен пайда болған жаратылыс, ежелден бар емес әрі мәңгі де емес. (қар.з Алиюл-Қари, Шәрху Фиқһул-Әкбар, 90).

Ә - Жоғарыдағы Танзих үшін қолданған сөздерді жақсырақ түсіне алуымыз үшін мыналарды қоссақ болады:

Аллаһтың шегі, қарама-қарсысы, теңі және ұқсасы әсте жоқ. Осылайша Оның Өзіне тиесілі ұқсассыз кәміл сипаттармен сипатталғаны мәлім болады.

Екіншісі  Осыдан кейін Имам Ағзам мүмкін мынандай бір сұрақ сұралатынын ойлап кейбір ашықтауларға тоқталған. Ол сұрақта мүмкін мынандай «Сендер Аллаһтың теңі және ұқсасы жоқ дейсіңдер, бірақ Құранда Аллақһа байланыстырылған иәді, уәжһі және нәфсі секілді сөздер келеді ғой. Осыларды қалай деп түсінеміз?» Имам Ағзам бұл сұраққа шамамен былай жауап беруде:

А  - «Оның Құранда аталғандай иәді, уәжһі және нәфсісі бар». Өйткені Құран да әрі сахих хадистерде де бұлар аталып өткен:  (كُلُّ شَيْءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجْهَهُ) Қасас сүресі 88 аят. «Оның уәжһінен басқа барлық нәрсе жоқ болуға лайықты». Аудармалар да «уәжһ» сөзі «заты» делінген. Өйткені бұл жердегі айтылып отырған Аллаһтың заты еді. Мұны бәлағат ілімінде, «Зикрул жүз ирадәтул күл» дейді. Мысалы: Бақара сүресінің 115 аятында (فَأَيْنَمَا تُوَلُّوا فَثَمَّ وَجْهُ اللَّهِ) «Қай жаққа бұрылсаңдар бұрылыңдар Аллаһтың уәжһі сол жақта». Міне осы аяттағы «уәжһ» сөзі, жоғарыда аталғандай аудармаларда «зат» делініп аударылған. Фатих сүресінің 10 шы аятында (يَدُ اللَّهِ فَوْقَ أَيْدِيهِمْ) «Аллаһтың иәді олардың қолдарының үстінде». Бұл аятта Әз елшіге бәйғат берген ардақты сахабалардың, сондайақ Аллаһқа да сөз бергендерінің парқына жету керектігі еске салынуда. Ол кездегі араптардың бәйғаты (ант, уәдесі), қолдардың бір-бірінің үстіне қойылып сөз алушы басшыныңда қолдарын үстіне қойып ант алатын еді. Осы аяттағы «иәд» сөзі, аудармаларда қол делініп тәржімаланған.
Иса (ғ.с)ның сөзі Мәйда сүресінің 116 аятында (تَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِي وَلَا أَعْلَمُ مَا فِي نَفْسِكَ), «(Уа Раббым!) Сен менің нәфсімдегіні білушісің, мен Сенің нәфсіңдегіні біле алмаймын». Бұл аяттағы «нәфсі» сөзі аудармаларда «зат» деп баяндалған.

Қорытатын болсақ, әрбір аударма бір жорамал екені анық. Оқушының қате түсінбеуі (тәшбих, ұқсатуға түспеуі) үшін осылайша аударма жасауға рұхсат.
 Ә - «Аллаһтың Құранда баяндалған иәді, уәжһ және нәфсі секілді нәрселер, кейіп пішінсіз сипаттары». «Имам Ағзам көзқарасы бойынша, аталмыш сөздер тәуил етілмейді. Сондықтан Аллаһтың абыройына лайықты түрде сипаттар қабылдануы және кейіп, пішінін Аллаһ біледі деліну керек.

Б - «Оның иәді; құдреті немесе нығметі делінбейді. Бұлай дейтін болсақ сипат жоққа шығарылған болады. Бұл (яғни сипаттардың жоққа шығарылуы да) Қадария және Муғтазиланың көзқарасы». Имам Ағзамның көзқарасы бойынша  бұл сипаттар тәуил ету, Қадария және Муғтазиланың қателескен Аллаһтың сипаттарын жоққа шығару қателігіне апарады.

В - «Оның иәдінің кейіпсіз сипат болғанындай, ғадабы және ридасы да кейіпсіз, пішінсіз сипаттарынан болған екі сипат».

Имам Ағзам бұл жерде тағы бір сұраққа алдын ала жауап беруде.
Ол сұрақ: Егер аталмыш сипаттарды тәуил етпесек, адамдар қате түсініп әрі тәшбих ұқсатуға жол ашады. Мұны қалай ашықтайсыз?

Жауабы: Аллаһтың ғадаб және рида атаулы екі сипаты да адамзат баласының бойынан табылады, бірақ бұлар тәуил етілмеуде.

Олай болса былай дейміз: Қалай Оның ғадаб және рида деген кейпі бей мәлім екі сипаты бар болса, иәд секілді мутәшәәбих кейбір сөздердің де (кейпі білінбестен ұлылығына тән болып) сипаты деп аталуы керек.

Қосымша: Кейінгі кезде, иәді және уәжһі сынды мутәшәәбих (астарлы) сөздер, (адамдарды ұқсатуға  себепкер болғаны үшін) қате түсіну жағдайы пайда болғандықтан, мәжбүр түрде Имам Матуруди сынды ғалымдар тарапынан тәуил жасалған. Бірақ Китәбут Тәухид кітабында атап өткеніндей, Имам Матуруди тақырыптың соңында, «Ең дұрысын Аллаһ біледі» деген.  
Біздер де Аллаһтың теңдессіз және ұқсассыз екендігіне иман келтіреміз. Оның Құранда аталған түгел сипаттарының ұлылығына тән болып бар болғанына, бірақ кейіптерінің бір Өзі тарапынан білінетініне иман келтіреміз.

Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір