Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 5
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 5
29.11.2018 10:02
497
0

(Құран Кәрім кезеңдік бір кітап емес. Әмбебап үкімдер әрі аяндармен толы, Аллаһтың соңғы кітабы болып табылады)

قال الامام ابو حنيفة
وسمِعَ موسى كلامَ اللهِ تعالى:{ وكلَّمَ اللهُ موسى تكليمًا} وقدْ كانَ اللهُ تعالى متكلمًا، ولم يكنْ كلمَ موسى، وقدْ كانَ اللهُ تعالى خالقًا في الأزلِ ولم يخلقْ الخلقَ { ليسَ كمثلِهِ شىءٌ وهوَ السميعُ البصيرُ} فلما كلمَ اللهُ موسى، كلمَهُ بكلامِهِ الذي هوَ لهُ صفةٌ في الأزلِ، وصفاتُهُ كلُها بخلافِ صفاتِ المخلوقينَ، يعلمُ لا كعلمِنا، يَقْدِرُ لا كقدرَتِنا، يَرَى لا كرؤيَتِنا، يتكلمُ لا ككلامِنا، ويسمعُ لا كسمعِنا. نحنُ نتكلمُ بالآلاتِ والحروفِ، واللهُ تعالى يتكلمُ بلا حروفٍ ولا آلةٍ. والحروفُ مخلوقةٌ، وكلامُ اللهِ تعالى غيرُ مخلوقٍ

Имам Ағзам былай дейді:
«Мұса (ғ.с) Ұлық Аллаһтың кәламын тыңдады. (Аятта былай делінеді;) «Аллаһ, Мұса мен шынында тілдесті» (Ниса сүресі - 164 аят). Ұлық Аллаһ Мұса (ғ.с) мен тілдеспестен бұрын да Кәлам иесі еді (тілдесуші). Аллаһ бір нәрсені жаратпай тұрыпта ежелден жаратушы еді. (аятта былай деп келеді;) «Оған ұқсайтын еш нәрсе жоқ. Ол расында, барлығын естіп көруші» (Шура сүресі – 11 аят). Аллаһ, Мұса (ғ.с) мен тілдескен де, ежелден бар кәлам сипатымен тілдесті. Оның барлық сипаттары кейіннен жаратылғандардың сипатына еш ұқсамайды, мүлдем Өзіне тән. (мысалы), Аллаһ біледі, бірақ біздің білуіміз секілді емес (Оның ілімі шексіз). Аллаһ құдрет иесі, бірақ біздің күш-қуатымыз секілді емес (Оның құдреті шектеусіз). Аллаһ көруші, бірақ біздің көруіміз секілді емес (Оның көруі шексіз шектеусіз). Аллаһ сөйлеуші, бірақ біздің сөйлеуіміз секілді емес (Оның сөйлеуі дауыссыз, әріпсіз және сөйлемсіз). Аллаһ естуші, бірақ біздің естуіміз секілді емес (Оның естуі шексіз шектеусіз). Біз (көмей және тіл сықылды) құрал және мүшелерге, сондай-ақ әріптермен сөйлесеміз. Аллаһ болса, құрал және мүшеге, сондай-ақ әріптер болмастан сөйлеуші (бұларға мұқтаждығы жоқ). Әріптер жаратылған болып табылады. Ұлық Аллаһтың кәламы болса жаратылмаған (ежелден бар сипаты).

Ашықтау:

Имам Ағзам бұл жерде Аллаһтың заты және сипаттары мен де дара теңдессіз әрі ұқсассыз екендігін ашықтап отыр. Бұл, Оның сипаттарының ежелден бар және мәңгі бақи болуы, шектеусіз және ақыры жоқ демек. Еш нәрсе оған ұқсамайды. Құран Кәрім, Аллаһтың ең соңғы кітабы/уахиы болып әмбебап бір ерекшелікке ие.

Қазіргі таңдағы жаңа негізсіз бір талас-тартыс:

Ғасырлар бұрын Құранның махлуқ болып болмауына байланысты дау-дамай болса, қазіргі таңымызда басқа бір кейіпте алдымыздан шығуда. Ол да Құранның кезеңдік бір кітап болғаны жайлы. Осыны алға тартушылар батыстағы Инжилге тиесілі түсінік пайымдарынан әсерленіп Құранның және үкімдерінің (әсірісе өсім, куәгерлік, мирасқорлық құқығы және қылмыстық құқық секілді тақырыптардың) кезеңдік екендігін, онымен қоймай өздеріне еш қатысы жоқ екендігін алға тартады.  Олардың көзқарасы бойынша өсімнің өз басы емес экономикалық зұлымдық және куәгерлікте болса әділетсіздік жасамау, мирасқорлық құқығы болса мұқтаждығына орай тарату және қылмыстық құқығындағы басты мақсат бас тартқызу үшін, маңызды деп соғуда. Әйтпегенде экономикалық әділетсіздік өсімнің тыйымы мен, даулардағы ақиқаттың нақты белгілі болуы насстардағы шарттармен, әлеуметтік жауапкершілікке орай дүние мүліктің бөлінуі мирастағы үлестермен және қылмысқа қарсы адамдар насстарда белгіленген жаза құқығы арқылы қорғалады. Сіз бұл жүйені бұзған сәтте нәпсіқұмарлық әрі менімше деулер лап етіп етек алып әрі бұл сенім жүйесі дін болудан шығып бір идеология ғана болып қалады (Ислам әсте идеология жемісі емес).

Сұңғыла елші, сахаба және мужтаһид имамдар бұл аяттарды және мәселелерді үнемі әмбебап болып қияметке дейін барлық ғасырларда және қоғамдарда жүзеге асады деп қарап, түсініп үкім шығарған. Құран Кәрім бұрынғы киелі кітаптарда болмаған бейнеде сан ғасыр (14 ғасыр) жүзеге асқан, өмір сүрілген және қабылданған ғажайып бір кітап.

Аталмыш адамдардың әсерленген Hermeneutik (сол бір кезеңге тән) оқу пішіні негізінде (Инжил секілді) негізі (оргиналы) қолымызда болмаған тахриф етілген араласып кеткен мәтіндермен байланысты бір зерттеу болып табылады ғой, бұл дегеніміз мәтіннің негізгісіне (оргиналына) қол жеткізу талпынысы және қайғысынан туындайды.(Ал, Құранның негізгісі қолымызда емес пе?).  Teolojik hermeneutik алғашқы рет Орта ғасыр Патристің кезінде Аugustinusтың «De doctrina Cristiana» атты еңбегімен бірге Инжил мәтіндерін зерттеу әдістемесі болып қолданысқа еніп, Реформашылар мен бірге Инжилдің негізіне (негізгі-түсінігіне) қайту қозғалысы болып жаңа бір арнаға түскен болатын. (H. Georg Gadamer, Hermeneutik (ауд.), Aнқарa иайынлары, 1195, 13).

 Құран болса негізі бізге толық жеткен және қияметке дейін бұзылмайтын болған  оргинал жалғыз қасиетті кітап қой. Мұсылмандар ( 15 ғасырлық бір кезеңде қалыптасқан) өте бай тәпсір және анализ әдіс-тәсілдеріне ие. Құран Кәрім әлемде ешқандай бір кітапқа нәсіп болмайтын түрде түп-тұқиясына дейін жетіп, ашықталып және жүзеге асырылып өмір сүрілген бір кітап. Осы тұсынан Мұсылмандардың өте бай бір өткен шақтары бар. Еуропа үшін болса Орта ғасыр, қараңғы/бұлыңғыр ғасыр болып анықталса да Ислам әлемі үшін ол алтын ғасыр. Батыста жүйесі қалыптасқан пәлсапаны да батысқа үйреткен және ашықтаған Мұсылмандар болатын. Сондықтан Фараби, Аристотельден кейінгі мұғәлім-сәни деп аталады.  13 ғасыр білім, өнер, саясат және экономика саласында Алтын ғасырын өткізген ислам әлемі соңғы екі ғасырда әлсіреу және кері қайту кезеңіне бет алды.  Мұсылмандардың кері кетуі мен (осы екі ғасырда) әлем бойынша үлкен бүліктер және пәлекеттер жайлап алды. Осылардың ең бастысы және қауіптісі I-ші және  II-ші дүние жүзілік соғыстар. Әлемдегі барлық елдер бір-бірімен соғысып, мұраға миллиондаған мәйіт, жаралы және қираған қалалар қалдырды. Әлемнің қайтадан қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбітшілікке қол жеткізуі үшін ИСЛАМ-мен қайта қауышуы ауадай қажет. Исламның ана кітабы Құран болып табылады. Құран барлық ғасырларда және жерлерде әмбебап бір жүйеге ие. Құранды оқыған кезде бұл әмбебап жүйе көзге айдай анық басылады.

Құранның негізгі ерекшелігі:

Кенже елшіге және барлық адамзат баласына жіберілуі. (қар.з Әнбие сүресі – 107 аят; Сәбә сүресі – 28 аят). Сондықтан Игі елші тәблиғ жасағанда араб, араб емес немесе әһлі кітап деп бөліп жармастан барлық адамдарға Кітапты және Сүннетті (қалай қолданылатынын) жеткізді, сосын үгіт-насихатын Араб жарты аралымен ғана шектелмей қол жеткізе алған барлық өлке корольдарына шақыру-тәблиғ хаттарын жолдады. Өйткені Құранның тәблиғ бұйырығы әрі аяны әмбебап болатын.

Қорытындылай келе: Біз қазірде толықтай сенеміз, Құран барлық ғасырлар және қоғамдарға өтімді, лайық болған әмбебап үкімдерге-аяндарға-шешімдерге өте бай дара жалғыз кітап. Бұл Кітаптың қалай жүзеге асырылатынын қатысты жүйені (сүннетті) бізге сахаба және табиғундардан болған мужтаһид ғалымдар қалтқысыз жеткізген.

Кітап пен Сүннетті бізге жеткізген сәләфі-салихиндерден Аллаһ разы болғай!

Баянауыл ауданы «Мұса мырза» мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

0 пікір