Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 10
Әл-Фиқһул Әкбар (ақида) дәрістері – 10
21.09.2019 14:47
467
0

(III – Елшіге иман келтіру. Ардақты сахабалар Әз елші үшін жандарын әрі малдарын сарф еткен тұлғалар еді.  Олардың ең абзалдары төрт кісі болатын. Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әли (Аллаһ түгелінен разы болсын!).

قال الامام ابو حنيفة
وأفضلُ الناسِ بعدَ رسولِ اللهِ صلى اللهُ تعالى عليهِ وعلى ءالهِ وسلمَ: أبو بكرٍ الصديقُ رضيَ اللهُ عنهُ، ثم عمرُ بنُ الخطابِ ثمَّ عثمانُ بنُ عفانَ ثم عليُّ بنُ أبي طالبٍ، رضوانُ اللهِ تعالى عليهِم أجمعين. غابرينَ على الحقِّ، ومعَ الحقِّ، كما كانوا نتولاهُم جميعًا. ولا نذكرُ الصحابةُ إلا بخير، ولا نكفرُ مسلمًا بذنبٍ منَ الذنوبِ وإنْ كانتْ كبيرةً إذا لم يستحِلَّهَا، ولا نزيلُ عنهُ اسمَ الإيمانِ ونسمِّيهِ مؤمنًا حقيقةً، ويجوزُ أنْ يكونَ مؤمنًا فاسقًا غيرَ كافرٍ.

 

Елшіге иман келтіру - 2
Имам Әбу Ханифа (әл Фиқһул Әкбар да) былай дейді:
«Игі елшіден кейінгі адамдардың ең абзалы Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әли (Аллаһ түгелінен разы болсын!). » Олар ақиқат бойынша ғұмыр кешіп хақпен бірге болып одан қол үзбеген ғабид жандар. Барлығын қаз-қалпында жақсы көріп, құрмет тұтып,  исі сахабаны тек жақсылықпен еске аламыз. Қандай да бір мұсылманды, күнә жасағаны үшін тәкпір етпейміз (кәпір демейміз), тіпті үлкен күнә жасаған болсада.
Бірақ харамды халал, істеген күнәсінде халал деп санаса ол кезде жағдай өзгереді (діннен шығады).

Күнә істеген кісіден иман есімін алып тастамаймыз. Оған (астарлы емес) шынайы момын дейміз. Бұл момын, күпірлікке түспегенше күнә себебімен фасық (күнәһар) болады.»

Ашықтау: 
1- Сахабаның орыны: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жанында өскен, жандары тіпті дүние мүліктерімен оған жәрдемдескен (сол кездегі) мұсылмандарға сахаба делінеді. Олардың көшбасында Меккедегі бар дүниесін тәрк етіп көшкен Муһажирлер және барлық дүние мүлкімен мухажирлерге көмек қолын созып, жәрдем еткен Әнсарлар келеді. Содан соң Мекке және Мәдинаның сыртынан келіп Мухажир және Әнсарлардың ізінен жүрген мұсылмандар келеді. Бұларға байланысты Құранда былай делінеді:
«Аллаһ олардан разы болды, әрі олар да Аллаһтан разы болды. Аллаһ оларға астарынан бұлақтар ағып жататын жәннаттар әзірледі, олар онда мәңгі қалады. Әне сол нағыз бақыт.» (Тәубе сүресі 100 аят.)

2 – Дара елшіден соң адамдардың ең абзалы саңлақ сахабалар-дүр. Сахабалардың ең абзалы мухажирлер сосын әнсарлар. Дана елшінің айналасындағы негізгі топ негізінде мухажирлерден болған еді. Өйткені олар әбден пісіп жетілген алғашқы қарылғаштар болатын. Содан кейін әнсарлар, Аллаһ елшісінің екінші шеңберінен орын алатын. Осы екі топқа келіп қосылып ізінен ергендер үшінші шеңберді құрастыратын. Ақиық елші осылайша таңғажайып бір жүйе қалыптастырды әрі мақсатынада еркін қол жеткізді. Мухажирлердің ең абзалдары да, сол кездегі мұсылмандардың елбасы етіп таңдаған төрт тұлға болатын. Бұл жерде Имам Ағзам Әбу Ханифа, Пайғамбардан кейін, адамдардың ең абзалдары ретінде осы төрт тұлғаны атап өтеді және ардақты сахабалар оларды халифа деп сайлағандағы жасаған кезектің ақылға алынуына сілемтеме еткен. Әһлі сүннеттің көзқарасы осылайша ортаға қойылып, бір жағынан Шиит ағымына жауап берілуде. Өйткені олар Әли (рһ) кезеңіндегі ішкі қақтығыс және қарама-қайшылықтардан болып алдымен саяси бір мәзһаб болып бастаған шиит кейіннен бір діни мәзһаб түріне енеді. Олардың сенімдері бойынша Әли (рһ) және оның ұрпағы (яғни әһлі бәйт), адамдардың ең абзалдары және халифалық тек солардың ғана үлесі. Олар Құранды, сираны, сүннетті және хадистерді текқана осы бағытпен ғана оқыған әрі тұжырымдаған. Әйтпегенде керісінше Әһлі бәйт танымы, Әз елшінің барлық жұбайларын да қамтуда. Әуелі Құран текқана Дара елшінің жұбайларын Әһлі бәйт деп үн қатуда. (қар.з Aхзаб сүресі 33 аят). Осы себепті Әли (рһ) және ұрпағын жақсы көру үшін басқа ардақты сахабалар және Әз елшінің жұбайларын жек көруді қажет етпейді. Сол кездегі шииттердің бас айналдыратын көзқарастарына тойтарыс берген Имам Ағзам Әбу Ханифа, бізге алғашқы сәләфтің сенімін жеткізіп және ардақты сахабалардың елбасы (4 халифа) сайлауындағы таңдауларына мән беріліп құрмет көрсетілуін қалаған. Осыған орай, Дара елшіден кейін адамдардың ең абзалы Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әли (Аллаһ олардан разы болсын!). Бізде осылай дейміз.
3 – Біз сахабалардың барлығын жақсылықпен еске аламыз. Имам Ағзам бұл бөлімде, сахабалардан қате басқанын күпірлікке түсті деп үкім кескен Харижилерге, сонда-йақ Әһлі бәйт және бірнеше ғана адамнан басқасын баса көктеп жазғыра жөнелетін Шииттерге жауап қатуда.  Әйтпегенде Құранда Мухажир және Әнсарлар ізгілікпен аталып өткен. (қар.з Тәубе сүресі 100 аят; Хашр сүресі 8-9 аяттар). Әрбір адам баласы қателесуі және күнә жасауы бек мүмкін. Сондықтан да біз олардың қателіктерін Аллаһқа тапсырамыз, негізі қателіктерінен сабақ алып қайталамауға тырысамыз. Аллаһ елшісіне жан тәндерімен қолғабыс танытқан сол дәуірдегі жанталаста Аллаһ елшісімен бірге жетістікке қол жеткізген бұл жанкешті нәсілді біз ізгілікпен еске алып әрі дұға етудеміз. Өйткені Арда елшінің сахабалары басқа пайғамбарлардың сахабаларына ұқсамайды. Ардақты сахабалар уахидың алғашқы тыңдармандары болатын. Осы себепті олардың ойы, әрекеті және жанкештіліктері біз үшін аса маңызды. Осы қырынан олар Дана елшінің тәрбиелеген озық үлгілі тұлғалар еді. Түгелін тек жақсылықпен еске аламыз. (Бір ұсыныс: Ең аз дегенде 50 сахабаның өмірбаяны оқылып оны басқаларға түсіндіру қажет ақ.)

3 – Қандай да бір момын күнәсі үшін тәкфир етілмейді. Оған фасық (күнәһар) бір момын делінеді. Өйткені:
А – Құранда Аллаһ иман мен амалды екі бөлек атаған.
«Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді өздері үшін астарынан бұлақтар ағып жататын жәннаттар бар деп қуант. Олар әрқашан жәннаттың жемісімен ризықтандырылған кезде: «бұл бізге бұрыннан ақ бұйырған ризық еді» дейді. Оларға түрі дүниедегіге ұқсас жемістер беріледі. Әрі олар үшін онда пәк жұбайлар бар. Олар сонда мәңгі қалады.» (Бақара сүресі 25 аят.)

Ә – Құран, күнә жасаған момындардың кәпір емес екендігін, керісінше момын ретінде қалатындарын баяндаған.

«Егер момындар ішінен екі топ соғысып қалса, оларды басу айтып жарастырыңдар. Егер бір жақ екінші жаққа өктемдік жасаған болса, сендер өктемдік жасаушы жақ Аллаһтың әміріне қайтқанға дейін соғысыңдар. Егер олар райынан қайтса екі жақтың арасын әділдікпен жарастырыңдар және әділ болыңдар. Аллаһ шынында әділ болғандарды жақсы көреді.» (Хужурат сүресі 9 – аят. Момындардың бір-бірімен соғысуы үлкен күнә болып табылады. Бірақ бұл кісілерге аятта кәпір делінген жоқ.)

Б – Аллаһ елшісінің кезінде, сахабалардан күнә жасаған, тіпті қылмыстары үшін жазаланған жандар болған болатын. Бірақ Дара елші және ардақты сахабалар оларға кәпір демеді және муртәд діннен шығушы жанға көрсетер мәміледе жасаған жоқ. Сондай-ақ олардың жаназа намаздары оқылған еді. Жасаған күнәсі үшін бір мұсылманның діннен шығарылып кәпір болды деу сандырағы және бидғаты өкінішке орай Харижилер еккен дән, тұқымы еді. Сахаба және табиғун кезінен бастап тарих бойынша мұсылмандар осы секілді тәкпірші қозғалыстарға қарсы шығып күш жұмсап отырған. Мұны Иман дегеніміз жүрекпен бекіту және тіл мен айту деген анықтама арқылы бекітіп және амал иманның бір бөлшегі емес, қағидасы мен баяндаған. Міне осы Әһлі сүннеттің айқара жолы.

Баянауыл ауданы «Мұса мырза»

мешітінің ұстазы

Берікбай Германұлы

 

0 пікір