ӘБУ БӘКІР (Р.А.) МЕН ОМАРДЫҢ (Р.А.) ҚҰРАН КӘРІМ ОҚУЫ
ӘБУ БӘКІР (Р.А.) МЕН ОМАРДЫҢ (Р.А.)  ҚҰРАН КӘРІМ ОҚУЫ
21.09.2021 13:54
522
0

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім мұсылман бауырының кемшілігін іздесе, Алла Тағала оның кемшілігін ашыққа шығарады. Және Алла Тағала кімнің кемшілігін ашыққа шығарса, оны үйінің ішінде болса да, масқара қылады». («Сүнән Термизи»)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім, (тілегін) Алладан сұрамаса, Алла ол құлына ашуланады». («Сүнән Термизи»)

Имам Бағауи (рах.) «Мәғалим ут-Тәнзил» атты тәпсір кітабында Исра  сүресінің 110-аятының тәпсірінде, Имам Әбу Қатғадәдан (р.а.) былай жеткізген:

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Бәкірге (р.а.):

 «Сенің қасыңнан өтіп бара жатып, Құран Кәрімді жәй дауыспен оқитыныңды көрдім» - дегенде, Әбу Бәкір (р.а.):

«Жалбарынғаным даусымды естиді деп ойладым» - деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «даусыңды біраз көтер» - деді.

Омарға (р.а.) қарап:

«Сенің қасыңнан өтіп бара жатып, Құран Кәрімді жоғары дауыспен оқығаныңды көрдім» - деді.

Омар (р.а.): «Ұйқыдағыларды ояту үшін және шайтанды қуу үшін осылай оқимын» - деді.

Әлемдердің ардақтысы (с.а.у.):

«Біраз даусыңды төмендет» - деді. 

 

0 пікір