Үйленудің де оқуы бар!
Үйленудің де оқуы бар!
11.09.2018 14:14
1216
0

Неке - Алланың шариғатына сай Жаратушының атымен таңдаған серігін өзіне адал ету.

         Ислам дінінде «Неке» қасиетті ұғым, Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

 

 فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ

 « Өздеріңе ұнаған әйелге үйленіңдер»[1]

 

Екінші бір аятта Алла Тағала былай дейді:

 

وَأَنكِحُوا۟ ٱلْأَيَٰمَىٰ مِنكُمْ وَٱلصَّٰلِحِينَ مِنْ عِبَادِكُمْ وَإِمَآئِكُمْ ۚ إِن يَكُونُوا۟ فُقَرَآءَ يُغْنِهِمُ ٱللَّهُ مِن فَضْلِهِۦ ۗ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٌ

«Араларыңдағы үйленіп, өз алдына отау құрмағандарды һәм құлдарың мен күңдеріңнің арасындағы ізгі жандар мен үйленіп, үй болуға жарайтындарды үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Алла шексіз шарапатымен оларды қамсыздандырады. Алла – рақымы шексіз кең Құдай және бәрін білуші[2]

         Ал Пайғамбарымыз мұсылман жастарына өте маңызды өсиетінде айтады:

 «Ей жігіттер, сендердің қайсыларың үйленуге шамасы жетсе, үйленсін! Себебі үйлену көзді және әуретті сақтауға себеп болады. Енді кім үйленуге шамасы жетпесе, онда ораза ұстасын, ол оған қорған болады[3]

         Пайғамбарымыздың және бір өсиетінде: « Көбейіңдер, расында мен қияметте сендердің көптіктеріңмен мақтанамын»[4] деген.

         Алла Тағала бізді ермен әйел етіп жаратқан екен, адамзаттың көбеюі отасумен болатыны анық. Сондықтанда Алла елшісі үмбетін үйленуге, сол арқылы көбеюге қызықтырды.

Бірақтан кәзіргі елдің жастарына қарасақ, көбісі қасиетті «Неке» ұғымын түсібей жатады. Басқа дін, бөтен ұлттың дәстүрін ұстанып некесіз қосылып жатқандар да бар. Және басқалары бір-бірлерін жақсы танымай, әсіресе отбасылық өмірге дайын болмай үйленіп жатады. Соның салдарынан 2017 жылғы статистика бойынша Қазақстанда 200,000 нан астам отбасы некелескен болса, соның 100,000 нан астамы ажырасып кеткен, соның салдарынан қаншама сәбилер тірі жетім атанып жатыр. Қаншама жастар некесіз қосылып, қыз жүкті болғанда, жігіт қатын секілді басын алып қашып, қыз не істерін білмей аборт жасатуда, босанғанның өзінде тастап кетіп жатқандары қаншама.  Осы тақырыптың қозғалуыда, жоғарыда айтылған қасыреттің алдын алу мақсатында кішігірім харекет.

Ислам дініне піте қайнасқан дәстүрімізде Екі жас бір-біріне жар таңдағанда көбіне әке-шешесіне, жеңгелерімен туған туыстарына арқа сүйеген. Өйткені екі жас бір-біріне өзін жақсы етіп көрсетеді, тіпті жылдап кездесседе нағыз сипаттарын көрсетпеулері мүмкін, сосын екеуініңде қызуы бойында болғандықтан, құмарлықтары басып бір-бірін идеал деп алданып жатады. Ал үлкендер өмірді көргендіктен ұлымен қызына жар таңдағанда ақылмен жұмыс жасайды. Сосын қазақта: «күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық», «құдаңды құдайдай сыйла» деген мақаладар бекерге айтылмаса керек, жастардан бұрын үлкендер бірінші танысса, бір-бірлеріне тең екендіктерін байқайды, құда болғаннан кейінде екі жастың кей ақымақтықтарына тосқауыл қоя алады. Кәзір көбіне құдалар тойда танысып жатады, кейде осындай үйленудің кері әсерлеріде  байқалады.

Ал жарайды, жастар өздері танысты дейік, енді кездесу шарттарын сақтау қажет. Ең бірінші қызбен жігіт серігін іздемес бұрын өзін семьялық өмірге дайындауы қажет, интернеттің дамыған шағында желіде «отбасы құруды үйрететін» жүздеген роликтер, тренинг семинарлар, бағдарламалар бар десек өтірік болмайды, бір мысал ретінде: Омар Жалелұлы, Ақан Мергенбай секілді білікті мамандардың тренингтері сұхбаттары ютуб каналында көп кездеседі. Омар Жалел ағамыз айтады: « Сен ұрпағымды тәрбиелеймін деп әуре болма, сен қанша уағыз айтсаңда пайдасы жоқ, егер сен өзіңді-өзің тәрбиелемесең». Демек  жастар ең бірінші өздерін отбасылық өмірге әзірлеу қажет. Ал кездесіп бастағанда әдептен шықпаулары парыз. Кездескенде күманды жағдайға жол бермей, бір бөлмеде жалғыз қалмау қажет, түнде, беймезгіл кезде қызды сыртқа жібермеу қажет, Пайғамбарымыз сөзінде ермен-әйел оңаша қалса үшіншісі шайтан деген, бір бөлмеде кездесіп жатса қыздың қасында серігі болуы тиіс, кездесіп жүруді көпке созбау міндет, себебі екеуі бір-біріне бөтен, некесіз сүйіспек түгіл бір-бірінің қолын ұстауғада болмайды. Енді ермек үшін кездесіп жүргендер Алла сақтасын көз зинасын, құлақ зинасын жасағаны, тіпті Алла Құранда сақтандырған үлкен зинаға да барулары әбден мүмкін. Ақан ағамыз айтады: «қыздың ұстанымы: «Мен некеге дейін қолжетімсізбін» ұраны болу керек, мен қыздарды затқа теңеу мақсатында емес, бәлкім жай мысал ретінде айтайын: бір адам ашылмаған телефонын сатам деді, сатып алушы: мен қолданып тексеріп көрейін деп телефонды алды, арада ұзақ уақыт өтті, сатушы алушыдан дәмеленіп «телефонды қашан аласын» деп сұраудан басқа шарасы жоқ» дейді. Демек қыз баласы өзінің қадырын қашырмауы тиіс. Ендігі мәселе, жастардың әке-шешесі, екі жас өздері үйленеміз деп шешім қабылдамас бұрын үлкендерді бір-бірімен кезіктіру қажет, екі отбасының бір-біріне сай екенін үлкендер жақсырақ біледі.

Біз үйлену мен неке ұғымын түсінуіміз керек. Кей адамдар үйіне келін түсіріп, сосын некесін қидырып жатады, бұл өте қате әрі күна амал. Ең бірінші мән берілетін нәрсе ақ-неке, екі жас некесіз қосылса туылған ұрпағы тексіз болғаны, екі жастың жетесіз болғаны. Сосын жігіт ер болу керек, Алланың атымен өзіне аманат алып жатыр, құл алып жатқан жоқ, Алла «әйелімді құл етемін» дейтін  жаман пиғылдағы ер адамдарды ескертеді:

 

وَلَا تُمْسِكُوهُنَّ ضِرَارًا لِّتَعْتَدُوا۟ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَقَدْ ظَلَمَ نَفْسَهُۥ ۚ وَلَا تَتَّخِذُوٓا۟ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ هُزُوًا ۚ وَٱذْكُرُوا۟ نِعْمَتَ ٱللَّهِ عَلَيْكُمْ وَمَآ أَنزَلَ عَلَيْكُم مِّنَ ٱلْكِتَٰبِ وَٱلْحِكْمَةِ يَعِظُكُم بِهِۦ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَىْءٍ عَلِيمٌ

 

«Оларға жәбір көрсетіп, зиян келтіру үшін күштеп ұстамаңдар. Кімде-кім солай істесе, (әйелінің обалына қалып, ауыр күнә арқалағаны үшін) ең алдымен өз-өзіне қиянат жасаған болады. Алланың аяттарына жеңіл қарап, оларды ойын-күлкіге айналдырмаңдар. Алланың өздеріңе нәсіп еткен баға жетпес нығметтерін һәм сендерге уағыз-насихат ретінде түсірген Кітап пен хикметті есте ұстаңдар. Аллаға қарсы келуден сақтанып, тақуалық шеңберінен шықпауға тырысыңдар, һәм біліп қойыңдар, Алла барлық нәрсені толық біледі.» [5]

         Екі жас үйленгеннен соң бір-бірімен сыйластығы «әкемен қызының сыйластығындай» болуы қажет.

         Қыз баласы әкеге қандай аманат болса, сол аманат күйеуінің мойнына өтетінін жігіт сезінуі тиіс, ал әйел әкесін туыстарын қандай сыйласа күйеуімен оның туыстарын солай сыйлауы міндет.

         Жігіттің бейіші әке-шешесі болса, әйелдің бейіші, ол күйеуі. «ерді ер қылатында, қара жер қылатында қатын» деген нақыл бар, әйел күйеуін құлындай көрсе, онда білсін сол құлдың әйелі екен, ал егер күйеуін патшадай көрсе, онда ол патшаның уәзірі екен.

         Алла Тағала әр шаңырақтың босағасын берік қылсын!

 

Елбек Тасболатұлы

 («Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы)

 



[1] Ан-Ниса:3

[2](«Нұр» сүресі 24:32)

[3] Екі сахихта келді.

[4] Ахмад

[5] («Бақара» сүресі 2:231)

0 пікір