Үйлену де құлшылық
Үйлену де құлшылық
31.08.2019 11:19
13456
1

 Мұсылманша неке қиып, Ислам талаптарына сай өмір сүрудің үй ішіндегі берекенің қайнар көзі екені айтылып та, жазылып та жүр. Біз бүгін некенің жай әрекет емес, құлшылық екендігіне тоқалмақпыз.

 Алдымен айтылатын нәрсе, ақ неке қиып, үй болу – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам) сүннеті, үйленуге шамасы жеткендер үшін дініміздің әмірі. Хадис шәрифтердың бірінде: «Үйлену – менің сүннетім.»[1], – десе, басқа бір хадисте: «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбеттерге мақтанамын»,[2]деп бойдақтарды үй болуға шақырған. Осының өзі бұл әрекеттің шариғаттағы орасан орнын байқатады.

Тағы бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам) сахабаларын дүние-мүлікке беріліп кетуден сақтандырып отырған кезде хазреті Омар (Алла одан разы болсын): «Сонда өмірде алуға не лайық?» деп сұрайды. Алла Елшісі (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам): «Зікір айтатын тілі, шүкіршілік ететін ділі бар, ақырет үшін сендерге жәрдемші болатын салиқалы әйелге некелесіңдер»[3]деп үлкендерге құрмет көрсетіп, ерін сыйлайтын, кішілерге мейіріммен қарайтын  иманды, ибалы әйелдердің өмірде орны ерекше екенін тілге тиек еткен.

Сүннетке сай үй болу – діни қағидаларды бұлжытпай орындауды білдіреді. Өйткені сүннет дініміздің негізгі тіреуінің бірі. Негізінде, сүннет жас баланы сүннетке отырғызумен ғана шектелмейді. Оның толық мағынасы бүкіл болмысымызбен Құранның әміріне сай, Пайғамбарымыздың (саллаллаһуғәлейһиуәсәллам) өнегесіне лайық болу. Мысалы, оң жағымызбен жату, тамақты оң қолымызбен жеу – бәрі де сүннет. Солардың қатарына үй болып шаңырақ көтеру де қосылады. Әрбір амалды сүннетке сай орындаған жағдайда мұсылманның әрбір тыныстауының өзі құлшылыққа айналады. Олай болса, дұрыс отбасын құру арқылы да мол сауапқа кенелуге болады.

Сыйластығы берік отбасының әр сәті үшін сауап жазылып, күнәлары кешірілетіні жайлы да хадистер бар. Солардың бірінде сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам) былай деген: «Ері әйеліне, әйелі еріне сүйіспеншілікпен қараса, Алла да оларға рахымдылық етеді. Егер ері жұбайының қолынан ұстаса, саусақтарының арасынан екеуінің күнәлары төгіледі». Көрдіңіз бе, ерлі-зайыптының бір-біріне мейірім көзімен қарауының өзі Алланың рақымын шақырып тұрады.

Отбасын құру – зина күнәсынан, соның ішінде көз, қол, аяқ сияқты мүшелердің де күнәлі қылықтарынан сақтанудың үлкен мүмкіндігі. Бірде Алла Елшісі (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам): «Уа, жастар қауымы! Сендердің араларыңда үйленуге шамасы жететіндер болса үйленсін! Өйткені ол зинадан сақтану жолы. Ал шамасы жетпегендер ораза ұстасын! Өйткені ол – қалқан »[4] деп үй болудың сауабы мол құлшылық әрі күнәдан тазару жолы екенін үйреткен.

Бұл айтылғандар Ислам шариғатында ақ некенің қаншалықты үлкен рөл ойнайтынын анық байқатса керек.

 Абдусамад Оқан


[1]Хаким, 2/146; Ибн Мәжжа, 1/295.
[2]Ибн Мәжжа, Никах, 1; Әбу Дәуіт, 1879.
[3]Ибни Мәжа, Никаһ, 5.
[4]Бұһари, Никаһ, 2; Мүсілім, Никаһ, 1,3; Сыям, 43; Ибни Мәжа, Никаһ, 1.

 

   Отбасы және әйелдер бөлімі   

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ 
Үй болудың сабақтары.  2-сабақ
Үй болудың сабақтары.3-сабақ
Үй болудың сабақтары. 4-сабақ
Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап
Бақытты шаңырақ сырлары. 2- сыр:  Анық мақсат
Бақытты шаңырақ сырлары. 3-сыр: Жақсы жар таңдау
4-сыр: Өзара сыйластық
Что даёт мусульманке опыт социальной активности?
Совершенная женщина: мужской взгляд
Всем незамужним мусульманкам посвящается
«Модный» хиджаб? 

Неке 
Некенің шарттары 
Ер адамның отбасындағы міндеттері
Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)
Мұсылман қыздары сұлулығының құпиясы неде? 

Дінімізде әйелдерге боянуға рұқсат етілген бе?
Әйелдің отбасындағы міндеттері 

Үйлену - Алланың ұлы заңы
Ерлерге қандай әйелдер ұнайды?
Вопросы ритуальной чистоты женщины
Особенности поста Рамадан для женщин: распространенные ошибки, советы на кухне
7 удивительных фактов о Хадидже - жене Пророка Мухаммада (мир ему)
Үйлендің, болды ма?
Медицина мұсылман әйелдерді қолдайды
Аз сөз – алтын…
Фертильные дни - дни возможного зачатия ребенка
10 вещей, которые не делает хороший муж
Мінсіз әйел болудың 10 жолы
Екі жарты бір бүтін

 

1 пікір
  • Админ
    26.05.2015 13:38
    Бәрекелді. Қысқа әрі түсінікті етіп, сауап алуға шабыт беріп жазылыпты. Алла разы болсын