Үйленсем бе екен?
Үйленсем бе екен?
19.08.2019 13:22
2121
0

       Базар ішінде қайыр тілеп отырған қартқа бір бай жігіт келіп ыдысына ақша сала- ды да сұраулы жүзбен қарияға қарап:
 -   Маған сіздің кеңесіңіз қажет болып тұр, - дейді. Мен бір қызды ұнатып жүрмін. Жақсы қыз. Әдемі, тәрбиелі, ең бастысы – жаны сұлу. Бірақ, қарапайым отбасынан шыққан. Не істесем екен? Үйленейін бе, жоқ па?
 -     Үйленбе.
 -     Бірақ, неге?
 -     Егер сен шынымен де ол қызды ұнатып, үйленгің келген болса, оның қарапайым- дылығына қарамас едің. Үйленейін бе деп сұрамас та едің.

0 пікір