Үйлендің, болды ма?
Үйлендің, болды ма?
04.09.2019 11:08
552
0

Жоқ! Бұл өмірге келген әр адамныңөмірлік атқаруға тиісті міндеттері мен жауапты істері бар. Үйлену деген той жасап, балалы болумен ғана шектелмейді. Оның астарында ауыр жүк барын еске салу үшін мына жазбаны жаңа отау құрған жігіттіңқұлағына құлаққағыс еткіміз келеді.

Сен өз мемлекетіңді құрдың! Жетелеп өсіріп, жігіт еткен ата-анаңнан еншіңді алып, өз алдыңа бір ел болмаққа өз мемлекетіңді құрдың. Сен құрған мемлекетте әзірге тек екеуің ғанасың. Ертең халқың көбейеді. Сен солардың бәріне жауаптысың: ішім-жеміне,  киім-кешегіне, тәлім-тәрбиесіне, ой-өрісіне! Өз құрған мемлекеттің құрдымға кетірмей сақтап, өсіру өзіңнің қолыңда.

Сен енді бойдақ емессің! Бойдақтық өтті де, кетті! Ес жиып үй болудың қамын ойлайтын жолды таңдаған – өзің. Енді шегінерге жол жоқ! Бойдақ күндегі әдеттердің бәрінен дерлік құтылуға тырыс.  Көп уақытыңды отбасыңа арна.

Сен – болашақәкесің! Әке болған жауапкершілігіңнің салмағы әлі де арта бермек. Әке болып балаңа үлгі-өнеге көрсету сенің мойныңда. Өйткені балаң ұяда көргенін ұшқанда іледі. Болашақта перзентің төбеңді көкке жеткізіп, жақсы абырой әперсін десең, қазірден ұяңда дұрыс тәрбие беруің керек. Көп нәрсені мысалмен айтып, баланың санасына күннің шуағын ғана түсіргейсің.

Сен енді бір арудың  күйеуісің. «Өз жарыңды жаттай күт - жат көрсін де түңілсін. Бір-біріңді қадір тұт - жұрт үлгі алсын, үңілсін» деген мақал бар қазақта. Енді сенің мойныңда өз әйеліңнің де өмірі артулы. Өйткені әрбір ер адам өз жұбайы үшін жауап беруге қақылы. Жар таңдаудан жаңылыспаған болсаң, отбасыңның да берекесін әйелің кіргізіп отырады. Әйел – үйдің жарығы. Ол жоқ шаңырақты қараңғылық басады. Сондықтан алғаныңның көңілін тауып, сыйлап, қадір тұт. Соны көріп өскен бала-шағаңның да кішкентайдан қыз баланы құрметтеу керектігін үйрене бастайды. Ол үшін алдымен оны өзің үйреніп ал. Әйел ерінің ашуын көтере алады деп, ішіңдегінің бәрін жайып салып, болмашыдан бәле шығарма. Әйел адамға таяқ тұрмақ, дауыс та көтермеу керек. Ақылды әйел ерінің айтпағын көзінен-ақ ұғады. Ақымақ әйелді таяқпен және ашумен түзей алмайсың.

Құшағыңа құлып сал! Құшағың қанша кең болса да, енді онда тек бір аруға ғана орын бар. Өйткені ол – сенің өмірлік таңдағаның. Құшағыңның құлпын сеніммен құлыпта да, кілтін сүйіп қосылған жарыңа тапсыр! Ниеті бұзылған бойжеткендердің құлыпты бұзып кіруін жол берме.

Сен күйеу баласың! Сен де бір елдің құсын қолыңа қондырып, бір ата-ананың қызын әйелдікке алып отырсың. Осындай қыз өсірген оларға деген құрметің де ерекше болуы керек. Қазақта «Күнде келсе күйеу жаман, жымысқы болса жиен жаман» деген бір қызықты мақал бар. Сонымен қатар «Жаман күйеу қайынжұртшыл» деп те жатады. Бірақ бұл мақалдар қыздың ата-анасы мен туыстарын сыйлап, құрмет көрсетуге түк те кедергі келтірмейді.

 

www.massaget.kz

0 пікір