ҮЙІМЕ ТАБЫС ПЕН БАЙЛЫҚ ЕНСІН ДЕСЕҢІЗ...
ҮЙІМЕ ТАБЫС ПЕН БАЙЛЫҚ ЕНСІН ДЕСЕҢІЗ...
07.03.2023 10:09
748
0

 Бір әйел үйінен сыртқа шыға бергені сол екен, есігінің алдында отырған нұрлы жүзді қарияларды көреді. Олардың шаршап отырғандығын байқаған әйел сәлемдескен соң:
-         Үйге кіріп тынығып алыңыздар. Шаршаған сияқтысыздар. Қонақ болыңыздар, - дейді.
       Қариялар:
-         Отағасы үйде ме? - деп сұрайды.
-         Жоқ, әлі жұмыстан келген жоқ.
-         Олай болса отағасы келсін, сосын кірерміз, - дейді қариялар.
       Күйеуі жұмыстан оралған соң әйелі болған жайды баяндап береді.     
      Күйеуі:
-         Қонақ – үйдің құты емес пе? Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, - дейді.
       Қариялар әлі отыр екен. Әйел:
-         Отағасы келді, үйге кірулеріңізді өтінемін, - дегенде қариялардың бірі:
-         Біз үшеуміз бірге кірмейміз. Мына қарияның аты – Байлық, ал мына кісі – Табыс. Менің атым – Сүйіспеншілік. Біреуімізді таңда, - дейді.
       Әйел ойланып тұрып:
-         Ендеше, Сүйіспеншілік ата, жүріңіз, - деп үйіне кіргізбек болғанда үш қария да бірге үйге кіреді.
       Дастархан басына отырып, жайғасқан соң Сүйіспеншілік күлімсіреп:
-         Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық міндетті түрде менімен бірге еріп жүреді, - депті.

0 пікір