Талақ-ең жағымсыз амал
Талақ-ең жағымсыз амал
13.07.2018 11:54
823
0

Талақ - ислам діні терминологиясында күйеуі тарапынан әйелімен арасындағы некелік қатынастың үзілуін білдіретін сөз, таным. Бұл терминнің негізгі сөздік мағынасы “бір тұзақтан, тордан құтылу, құтқарылу, ажырау, ажырасу” дегенге саяды.

Талақ – Жаратқан Жаппар Иенің адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы. Сол себепті Құранда Алла Тағала мейлінше әйеліңмен тату болуға шақырып: «(Уа, иман келтіргендер!) Жарларыңмен жақсықарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлылық танытыңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», – дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», – деп («Ниса» сүресі, 34-аят) адамдарға асығыс шешім қабылдамай, ажырасудың алдын алу керектігін ескерткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы – ажырасу», – деп жөн-жосықсыз ажырасудың дұрыс емес екенін айтқан.

 Ислам  ажырасуға рұқсат берген. Дегенмен «Талақ – Алла Тағала жек көре отырып рұқсат еткен іс» деген қағидатты белгілеп, оның талаптарын ауырлатқан. Ислам бойынша ерлі-зайыптыларда ажырасу мына жағдайлармен байланысты:

1. Ауру немесе үзір жағдайы. Яғни үйленгенге дейін, не кейіннен пайда болған, бірге өмір сүруді қатты қиындатқан қандай да бір үзір не ауру себепті әйелдің ажырасуға құқы бар.

2. Күйеуі асырай алмағанда. Әйелдің ішіп жеу, киіну және басқа да шығындары күйеуіне тән. Күйеуінің жағдайы бола тұра жұбайына көңіл бөлмесе, оны аш, нашар жағдайда қалдыратын болса, әйел алдымен күйеуінен нәпақа алуға тырысады. Ол мүмкін болмаған жағдайда ажырасуға құқылы болады. Күйеуі кедей болса, әйелі оған опа танытып, одан ажырамағаны дұрыс.

3. Күйеуі үйін тастап кетсе немесе жоғалып кетсе. Күйеуінің үйді тастап кетуі немесе тірі не өлі екені жайында еш хабар болмаған кезде төрт жыл күтіп, содан кейін әйел ажырасуды талап ете алады. Ислам ғалымдары күйеуі түрмеге түсіп не жау қолына тұтқынға түсу жағдайына қарай түрлі көзқарас білдірген.

4. Бірге тұра алмағанда не әйеліне қатты жәбір көрсеткенде.

5. Зинаға барған жағдайында.

Ал «Күйеуінен орынсыз ажырасуды талап ететін әйелдер жұмақтың исін сезбейді» деген хадистер ерлі-зайыптыларға ажырасуға сылтау іздемеу керектігін білдіреді.

Талақ – әзіл көтермейтін мәселе. Әзілдеп те талақ айтуға болмайды. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Үш нәрсенің әзілі де, шыны да шын: үйлену, талақ ету және құлды азат ету» – деген болатын.

 Шариғат бойынша әйелін үш рет талақ еткен ер адам жұбайымен қайта қосыла алмайды. Қайта үйлену үшін әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, одан талақпен ажырап, етеккір мерзімінің бітуін күтуі тиіс.

Міне, сонда ғана бірінші күйеуі ол әйелді жаңа мәһрмен жаңа неке арқылы өзіне ала алады.

Ал бүгінгі күнгі кейбір теріс діни ағым өкілдерінің некеге тым жауапсыз қарауы, көп әйел алушылық исламда бар дегенді желеу етуі, жиі талақ айтуы, бұл расында халықтың сол адамдарға деген ренішін тудыруда. Айналып келгенде, ол дінге деген салқын көзқарас тудыруда.

Ал тұрмыста келіспеушіліктердің кездесуі о бастан қалыпты жағдай. Қазақ халқы «Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» деп бұған  кең түсіністікпен қараған. Бұндай келеңсіздікті мұсылман адам сабыр және кешірім арқылы жеңуі тиіс.

Құранның «Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды жек көретін болсаңдар, (ұмытпаңдар) Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін» (Ниса сүресі 19-аят) дегені, хадистегі «Сіздердің ең қайырлыларыңыз – жұбайына жақсы қарағандарыңыз» деген сөздер ерлі-зайыптыларды бір-біріне түсіністікпен қарап, сыйластықпен, кешіріммен өмір сүруге шақыруда.

Отбасында шаңырақты ер мен әйелдің сыйластығы ғана ұстап тұрады. Сол себепті ерлі- зайыптылар бір-бірімен тіл табысып, жарасымды тіршілік етуі керек. «Екі жақсы қосылса, бірін бірі қимайды, екі жаман қосылса, бір төсекке сыймайды» деп ата- бабаларымыз бекер айтпаған.

Исламда Талақтан басқа да ажырасу түрлері бар:

  • фасх - егер ері неке алдындағы келісім уәделерінің бірін орындамаса, әйелдің талабы бойынша ажырасады, бірақ қайтадан татуласса неке бұзу заңсыз деп саналады;
  • хул - бұл да әйелдің талабы бойынша ажырасу, бұл жағдайда некені қайтадан жалғастыруға болмайды, сонымен қатар әйел күйеуінен алған барлық мүліктен айрылумен бірге күйеуіне біршама ақы төлеуге міндетті, оның мөлшерін өзара келіседі, не болмаса қазы белгілейді;
  • лиан - екі жақтан бірдей кінә тағу, ері әйелінің опасыздығын кінәлайды, бірақ бұған дәлелі жетпейді, ал әйелі ерінің өтірігі мен жала жапқыштығын кінәлайды. Мұндайда неке біржола бұзылып, әйел мүліктің бәрінен айрылады, ері ажырасудан кейін туған баланы мойындамауына құқылы.

Алла Тағала Құранда айтты: «Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңнан сүйіспеншілік пайда қылғандығы да, оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар». (Рум :21)

Алла тағыда былай дейді: «Іштеріңдегі бойдақтарды (ер жеткен ұл-қыздарды тұл ер әйелдерді) сондай –ақ қолдарыңдағы құл-күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да. Аллаһ оларды өз кеңшілігімен оларды байытады. Аллаһ аса кеңшілік иесі толық білуші». (Нұр :32)

Ислам діні бойынша неке қасиетті болып есептеледі. Ол пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті. «Неке – менің сүннетім! Кім менің сүннетімнен бет бұрса, менен бет бұрған болады» және «Үйленіңдер, көбейіңдер! Қияметте мен сендердің көптігіңізбен мақтанамын»,- деген хадистер бұған дәлел.

Егер, Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері бойынша әрекет етер болсақ, әрбір отбасының іргесі берік болары хақ.

Талақтың өзіндік рүкіні мен шарттары бар. Талақтың іске асуы үшін мынадай шарттар қажет. Олар: Талақ ететін ердің ақыл-есі түзу, балиғатқа жеткен болуы. Талақ етілетін әйелдің сол ерге некесі қиылған әйелі немесе «иддат» мерзіміндегі әйелі болуы шарт.

Мұсылман құқығында «талақ» етудің ерекше негіздері бар:

1. Құран мен Сүннет тәртібіне қайшы негіздегі талақ ету тыйым салынған.

2. Тәртібі мен іс-әрекетінде кінәрат болмаса да кемшіліксіз әйелді талақ ету мәкрүһ.

3. Ішкілік, құмар сияқты харам істермен шұғылданудан бас тартпаған әйелмен ажырасу сүннет.

4. Отбасылық өмірде харам істерді жасап, дін бойынша парыз болған амалдарды тәрк еткен әйелді талақ ету парыз.

5. Араларында махаббат болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр түрлі көзқарастар бар. Бұл ерлі зайыптылардың өздеріне қалған шешім. («Талақ» сүресі, 6-7).

Айтып кеткеніміздей жастардың қалаған уақытта үйленіп те қалаған уақытта «талақ» деп ажыраса салуы қоғам дерті. Бұл келеңсіз жағдайлардың алдын алудың жолдары қайтадан сол отбасы болмақ. Дана халқымыздың «Отанотбасынанбасталады», «Отбасышағынмемлекет» деген ғибратқа толы қанатты сөздерінде терең мән-мағына жатыр. Әрбір отбасы өзінше бір Отан. Оның басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер адам.

Адамзаттың абзалы ардақты Елші Мұхаммедтің (с.ғ.с) хадисінде: «Еркiсi отбасыныңбақташысы. Сондықтандаол  –  қоластындағыларғажауапты», - деген сөзі қуаттай түссе керек. Сыныққа сылтау іздегендерге ажырасудың мың сан себептері табылады. Алайда, ажырасуды – Жаратқан жақтырмайтын  іс екендігін ұғынуымыз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Алланыңқұзырындарұқсатетілгенімен, қаттыұнамсызісажырасу», – деп текке айтпаса керек. Болмашы ұрыс-керіске бола ерлі-зайыптылар Алланың ақ некесін бұзып, ажыраса берсе, елдігіміздің келешегі жас ұрпаққа кім дұрыс тәлім-тәрбие береді. Асыл дініміз – талақ беру құқығына ер азамат лайығырақ деп есептеп, аталмыш құқықты оған берген. Әйел адамға бұл құқық берілмеген. Себебі, талақ ету құқығы әйел адамға берілетін болса, ол болмашы нәрсе үшін некені бұзып жіберуі мүмкін. Тек некеге отыру кезінде әйелі ажырасу құқығын шартқа қосқан болса, онда ол басқа мәселе.

Отбасында  ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы саналатындықтан, жұбайлық өмірдің ыстық-суығын бірге төзіп, жарасымды тіршілік ету парыз.  Дана халқымыз: «Екіжақсықосылса, айменкүндейжарасар, екіжаманқосылса, ырылдасыпайрылысар», – дегендей  көз көргенде қуанатындай үйлесімді жұп болғанға не жетсін!

 

Нұрлыбек Адамжанов (Қалалық «Ақмешіт» мешіті)

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір