Бір адам данагөйден ақыл сұрай кепті:
- Әйелім екеуміз бұрынғыдай емеспіз, қатты суынып кеттік. Мен оны сүймеймін. Ол да мені сүймейтін болды. Не істесем болады?
Данагөй оған:
- Оны сүй, - деді.
Ол адам данагөй бұның айтқанын естімей қалды екен деп ойлап, сөзін қайталайды:
- Айтып тұрмын ғой, еш сезім қалмады деп!
Данагөй басын изейді:
- Оны қайтадан сүюдің жақсы себебі ғой бұның.
Адам қайталап сұрайды:
- Жүрек қаламаса, қалай сүймекпін?
Сонда данагөй ол естігісі келетін жауапты айтты:
- Оған қызмет қыл, бағала оны, оның қайғысын түсін, ол үшін өзіңді құрбан ет. Шынайы махаббат үшін ешқандай шек жоқ. Өйткені, «Сүю» деген сөз сезімді емес, әрекетті білдіреді.
Аударған Шынар Әбілд