Сүймеймін деме
Сүймеймін деме
14.02.2019 15:43
849
0

Сахабалар уақытында бірде ері әйелінен «Мені жақсы көресің бе?» деп сұрайды. Оқыс сұрақтан бойын жинап ала қойған әйелі оның бетіне қарап «Шынымды айтсам, сені сүймеймін» деп жауап қатады. Көңілі құлазып сала берген отағасы хазірет Омарға (Оған Алланың рақымы болсын) келіп мұңын шағады. Халифа әлгінің әйелін шақыртып сөйлескенді жөн көреді.

-  Не үшін күйеуіңе сүймейтініңді айттың?

-  «Сүйем» деп өтірік айтқым келмеді, - дейді әйел. Сонда халифа Омар (Оған Алланың рақымы болсын) әйелге:

-  «Шындықты жасырмаймын деп еріңнің жүрегін ауыртқаның дұрыс болмаған екен. Жақсы көрмесеңдер де өмірлік серіктеріңе жақсы көрмеймін деп айтпаңдар. Рас, ыстық сезімге құрылған отбасылардың саны аз. Бірақ былайғы жұрт мұсылман болғандығы үшін не басқа да себептермен бірге өмір сүре береді», - деп кеңес береді.

Қ.Бағашар

 

0 пікір