СЕНДЕРДІҢ ӘЙЕЛДЕРІҢ СЕНДЕР ҮШІН КИІМ СИЯҚТЫ, АЛ СЕНДЕР ОЛАРҒА КИІМ СИЯҚТЫСЫҢДАР...
СЕНДЕРДІҢ ӘЙЕЛДЕРІҢ СЕНДЕР ҮШІН КИІМ СИЯҚТЫ, АЛ СЕНДЕР ОЛАРҒА КИІМ СИЯҚТЫСЫҢДАР...
13.02.2020 10:24
2398
0

Дәл осы тақырыпта әркім әртүрлі пікір айтуда. Тіптен ислам дінінен бейхабар адамдар тарапынан да білерменсіп жазушылар аз емес. Батыстың феминизміне табынушылар  бұқаралық ақпарат құралдары  арқылы ішінара мұсылман әйелдерінің басылып қалғандығы мен құқығының тапталуы хақында дінімізге жат, шариғатта айтылып, жазылмаған  көріністерді таңып айтып та, жазып та жүр.

 Мұндай біржақты сорақы пікірлерден қасиетті Ислам діні мен исламдағы әйелдің рөлін дұрыс  анықтауға ұмтылсақ қана  құтыла  аламыз. Ендеше Ислам тарихына үңіліп көрейік. Мәселен, Жахилия дәуірінде, яғни Ислам келерден бұрын  дүниеге қыз баланың келуі жанұяны масқаралайтын оқиға саналатын еді, қыз нәрестелерді туыла сала тірідей жерге көметін. Дүниеге қызы келгенін есіткен әке ашуланатын, оған жұрт көзіне көрінудің өзі ұят болып табылатын. Әкесінің алдында екі таңдау тұрады: ол не қызының өмірін сақтап қалады, сөйтіп қоғамдағы қорлау мен кемсітушілікке төзеді, не ар-намасын сақтап қалу үшін сәбиін өлтіреді.

    Жахилия дәуірінде әйелдерге қарым-қатынастағы осындай қорлау мен кемсітушілік тек арабтарда ғана емес, Рим мен сасанидтар империясында да, сол кездегі басқа да мемлекеттерде орныққан еді. Тек Құранда ғана сәбилерді өлтіруге тиым салды: «Аштықтан қорқып балаларыңды өлтірмеңдер, сендер мен балаларыңды Біз тамақтандырамыз» (Қасиетті Құран Кәрім, 6:151). Ислам әйелдерді сыйлауға, жақсы көруге және оған құрметпен қарауға үндейді.

    Пайғамбарымыз Мұхаммед ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген қыз нәрестелерді өлтіруге тиым салып қана қойған жоқ, сонымен бірге әйелдерге құрметпен қарап, қамқорлық жасауға үйретуден жалыққан жоқ.

    Бізге жеткен хадистен алынған мына тамаша мысалды келтірейік. «Пайғамбарымызға ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  келген бір адам: «Алланың елшісі, кімге жақсылық жасайын?», - деп сұрайды. Бұған Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған: «Анаңа», - деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет сұрайды: «Одан кейін кімге жасайын?». Алланың елшісі ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  екінші ретте де «Анаңа» деген жауап қайтарады. Әлгі адам тағы сұрайды: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?», - деп. Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған үшінші ретте де «Анаңа», - деп жауап береді. Тек төртінші рет сұрағын «Одан кейін кімге?», - деп қайталағанда, Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  оған: «Әкеңе», - дейді. Бұл хадис Исламда ананың (әйелдің) деңгейі әкеден (ер адамнан) үш есеге жоғары екенін көркем жеткізген. Пайғамбарымыз ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  сонымен қоса «Жұмақ - ананаң аяғының астында» деген. Кім Ислам дінінде әйелдер мен ерлер тең емес деп санаса, қатты қателеседі.

      «... белгіленген тәртіпке сәйкес, әйелдердің міндеттері секілді, құқықтары да бар» (Құран, Бақара сүресі, 228).

    Әйелдердің күйеуіне, жанұялық өміріне, мүлікке, мұрагерлікке тағы көптеген басқаларға қатысты құқықтары қасиетті Құранның өзінде, хадистерде, сондай-ақ шариғатта көрсетілген. Көптеген мұсылмандарда «құқық үшін күрес» деген тосын түсінік бар. Ислам құқық жүйесі ретінде әйел мен ер адам арасындағы құқықтарды ғана емес, бүтін адамзаттың құқықтарын бекітеді. Ислам қағидасы бойынша ер мен әйел біртұтас, қандай жағдайда да бөлуге болмайды. Олар үшін бір-бірінсіз мына әлем мәнсіз, олардың әрқайсысының өмірдегі мұраттары мен мақсаттары және атқаратын міндеттері алдын-ала анықталған.

    Шындығында, тек әйел ғана өзіндегі мүмкіндіктерімен өзіне белгіленген бұл міндеттерді атқара алады. Алла әйелді Жаратушысына бағынып, жанұясының түтінін түзу түтетуге, бәрінен бұрын дүниеге сәби әкеліп, ұрпақ жалғастыру үшін жаратқан. Мұсылман әйелдер үшін жанұя мәселелері оның жеке қызығушылықтары мен кеудемсоқтығынан әрқашан басым тұрады.  Тым тырысу, қызметте өсу, кәсіби жетілу оның жанұясына зиянын тигізетіндей болса, одан дереу бас тартады.

 Мұсылман әйелдері алдыңғы кезекте жанұясының игілігі мен Жаратушысына құлшылығын ойлауы тиіс.

Иә, Ислам әйелдерге саяси немесе қоғамдық өмірдің басқа да салаларында табысқа қол жеткізуге тиым салмайды, керісінше өзі өмір сүріп отырған қоғамды   дамыту, көркейту үшін атсалысуға даяр әйелдерді мадақтайды. Біраз жылдан бері ислам дініндегі әйелдердің құқықтары мәселесімен айналысып жүрген Н. Юсупова «Исламдағы әйелдердіңқұқықтары» кітабында былай деп жазады: «Әйелдің Алла жолында жасайтын ең игілікті ісі мен жұмысы ол - үй шаруасымен айналысу, балаларға тәрбие беру, үйін көріктендіру және жұбайына көмектесу».

    Қоғамның негізі ретіндегі отбасы қоғам ағзасының жасушысы іспетті. Ислам ерекше әрі шынайы мән-мағына береді. Отбасылық ұйымның басты мақсаты мейірімділік пен махаббаттың бастау көзі - туыстық байланысты орнату. Құран Кәрім ер мен әйел арасындағы бұл табиғи байланысты көркем де биязы бейнелейді: «сендерге, оған тұрақтауларыңүшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларды ойланған елге белгілер бар» (Рум сүресі, 21 аят). Қасиетті Құранда жұбайлар арасындағы жақсы қарым-қатынас олардың арасындағы татулықты арттырады. Олар екі жарты болғанына қарамастан, шын мәнінде сана-сезімі мен дене жақындығында біртұтас. Олар бірге келешекке үміт артып, бүгіні үшін тырысады. «Ер адамдар әйелдердіңқамқоршысы болып табылады» (Құран, Ниса сүресі, 34). Ері өзіне киім, тамақ және басқа да қажеттіліктер алса, әйеліне де киімін, тамағы мен басқа да қажеттіліктерін тауып беруге міндетті.

    Ислам дінінде неке жүрек пен жанның жұбанышы ретінде қарастырылады. Қасиетті Құранда былай делінеді: «сендердіңәйелдерің сендер үшін киім сияқты, ал сендер оларға киім сияқтысыңдар...» (Құран, Бақара сүресі, 187 ). Олар бір-біріне жақсы киімдер сияқты – жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, қорғайды, көркем етеді, жылытады, бөгде көздерден жасырады. «Сендердің ең жақсыларың - әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болғандарың. Ал мен әйелдерім үшін ең жақсысымын» (ат-Тиризи). Некенің артықшылығыол ер мен әйел бір-бірін қолдап, белгіленген отбасылық міндетті орындауға мүмкіндік беретін екеуара жанұя құруға мүмкіндік береді. Бұл өзара түсіністік пен көмек, шынайылық пен төзімділік ережелерін ұстанған, бір-бірін ұнататын, бауырға тартатын ер мен әйелдің бірге өмір сүруі.

Қайырымдылықты масқара санаған жахилия дәуіріндегі қоғамның адамгершілік-моральдық бет-бейнесі тарих қойнауына кетті. Алайда зинақорлық, арсыздық, ішімдікке салынушылық, құмар ойындар, өсімқорлық, кез-келген тәсілмен өзгенің есебінен пайда көздеуге ептілік, өкінішке орай, бүгінгі таңда да жетістіктердің қатарына саналады. Бүгінгі таңдағы қоғам дінсіздік, сенімсіздік вирустарымен зақымдалған, қоғам мен отбасын түбірімен бұзатын некесіз байланыс індетіне бой алдырған.

    Шаңырағы биік отбасының іргетасы Ислам болып табылады.

 

0 пікір