Сабан берсем, жей ме деп ем
Сабан берсем, жей ме деп ем
27.04.2015 18:12
3551
0

Бір әйел қаншама жыл күйеуіне тәтті тағам әзірлеп келсе де, өмір бойы бір жылы сөз естімепті. Осы ақиқатты қалай жеткізсем екен деп, әрі ойлап, бері ойлап бір жолын тапқандай болыпты. Бір күні кешікі тамақ кезінде беті ормалмен жабылған бір ыдысқа кәдімгі сары сабан салып әкеліп, күйеуіне ұсыныпты. Күйеуі орамалды ашып қалып, көзі шарасынан шыға жаздайды. Дереу ашу шақырып:
 - Мынауың не? Сабан беретіндей мен саған малмын ба?
Осыны күтіп тұрған әйел саспай ғана былай депті:
- Қожайын, мен сізге жылдар бойы тіл үйіретін небір тәтті тағамдар жасап бердім. Алайда бір рет жақсы сөз естімедім. Содан соң осы күйеуім жақсы мен жаманды ажырата алмай қалған жоқ па екен деп сынап көріп ем. Алдына не берсең де жей берер ме екен деп едім. Аллаға шүкір, олай емес екенсіз ғой.
-  Әйелінің жақсылығына немқұрайлығын ұғынған күйеуі үн-түнсіз отырып қалыпты.

 

Ұқсас материалдар

Үй болудың сабақтары. 1 - сабақ

Үй болудың сабақтары.  2-сабақ

Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Ықылас-ниет пен талап

 Бақытты шаңырақ сырлары. 1- сыр: Анық мақсат

Сіз қандай күйеусіз ? (Еркектерге он кеңес)

Үйлену - Алланың ұлы заңы

0 пікір