Қыз өсірген ата-ана
Қыз өсірген ата-ана
05.12.2017 15:02
1788
0

Алла Елшісі (с.ғ.с):

 «Кімде-кімнің үш қызы дүниеге келсе, сол үш қызының қиыншылығына шыдап, қуанышымен бөліссе, жақсылап тәрбиелесе, жеткізсе, Алла Тағала осы қыз балаға жасаған рақымы үшін ол кісіні өз жұмағына кіргізеді» дейді.

Осыны естіп тұрған бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі, егер екі қызы болса ше?» деп сұрады.

 «Екі қызы болса да жұмаққа кіреді», - деген жауап естіді.

Әлгі сахаба: «Бір қызы болса ше?» деп сұрағанда:

- «Ол қызды жақсылап тәрбиелеп, өсіріп, жеткізсе, онда жұмаққа кіреді», - деген жауап берілді.

 Ал, Анас (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.ғ.с): «Екі қызға бой жеткенше қамқоршы болған адам, Қияметте менімен осындай жақын болады», - деп, ол саусақтарын біріктіріп көрсетті» (Муслим)

0 пікір