Қырық екі миллион теңге 20 секундтан кейін көкке ұшқалы тұр !..
Қырық екі миллион теңге 20 секундтан кейін  көкке ұшқалы тұр !..
30.12.2017 07:40
4584
0

Ия дәл солай, екі күннен кейін 31-ші желтоқсан күні, түнгі сағат 12:00-де көкке 42 000 000 теңге босқа ұшады. Ол қалай дейсізғой?! Жәй бір тал шыбықты өртеп  САЛЮТ деген бәлеге тиігізіп кеп жібересіз және жиырмаға дейін санасаңыз болғаны. Не үшін? Бір сәтке қиқулап, қандай тамаша, керемет, браво, ура т.с.с деп қуану үшін?!

Сіз бен бізге мәлім; САЛЮТ деген Қытайдан шығатын іші химялық күкіртке толтырылған таяқ іспетті, қатты қағазға оралған ұзыны, қысқасы бар зат. Оның аттары көп, соның ішінде кейбіреуінің аттары біздің батырлардың, киелі, қасиетті тұтатын есімдермен атайтынын қайтерсің. Ең арзаны 200 теңгеден басталып, 200 000 теңгеге дейін жалғасады. Ал енді есептеп көрейік сонша миллионды қайдан шығардық.
Бұл менің өз ойымша шамалап, ең аз мөлшерде есептеп шығарған есебім. Салюттің түр-түрі бар екенін, оның бағасының да әр қилы екендігін айттық. Соның ішінде менің есебім былай болды: Орташа есеппен 1000 теңгелік салютті Қазақстандағы 14 облысқа көбейттім. Яғни жай ойыма келген, ең аз дегенде әр облыстан 3000 адам осы 1000 теңгелік салютті алса, 3000х14=42 000 : 1000= 42 000 000 теңге шыға келеді. Атын атап түсін түстемей-ақ қоялық. 1 атарлықтан бастап 300 атарлыққа дейін 200 теңгеден басталып 200 000 теңгеге дейін жалғасатын бағалар... Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақтөбе, Астана т.б үлкен қала, облыстардың халық санының қаншалықты көп екендігін есепке алғанда, 1000 теңгелікті былай қоятұрғанда әлгі 200 000 теңге ге дейінгі бағалардан қалтасы қалыңдар алып аспанға атқанда Құдай білсін қанша миллиондар шығатынын. Біздікі әншейін 1000 теңгенін айналасында есептеп көргеннің өзінде 42 000 000 теңге шығып тұр. Бәлкім есебім дәл шықпас, алайда қанша болса да (ойымша бұдан көп болмаса, аз болмайды) миллиондар босқа кететіні ақиқат.

Сол ескі жыл бітіп жаңа жылдың келуін, сіз бен біздің сол жылдарда өмір сүруімізді нәсіп еткен, сол қуаныш деген сезімді жаратқан мейірімді Алла Тағала «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер. Себебі ысырап етушілерді жақсы көрмеймін» деп ескерткен қасиетті құранда. Ал енді өзіңіз ойлаңызшы Жаратқан оыс бір амалыңыз үшін сізді жақсы көрмесе, онда мейлі әлем, адамзат сүйсін сізді, не пайда?! Ал Алланың жақсы көрмейтін амалын істей тұра қалай ғана жаңа жылдың құтты болуын, бақытты ғұмыр кешуімізді Алладан сұраймыз, қай бетімізбен?!

Қуану адам баласы үшін ең қымбат сезім. Ия, қуаныш көп болсын ағайын. Әрбір отбасына бар жақсылықты тілеймін. Алайда (бәлкім кейбір адамдар тіпті түсінбейтін де шығар ысыраптың не екендігін немесе ода тұрған не бар дейтіндер де жоқ емес) сол бір сәттік қуанышты сонша ақшаға сатып алып, босқа аспанға шашпай-ақ қуануға боладығой?!

Қытай жаман дейміз, қыздарымызды алып жатыр, жерімізге де шүйлігіп жылдан жылға сандары да көбейіп барады деп шулаймыз. Бірақ қараңызшы, біз өз қолымызбен осынша миллиондаған ақшаны санап беріп, олардың біздерге берген химиясымен ауаны ластап, қанша бала шағаның көзін шығарып, қолын жағып, ең бастысы ысырап қылып көкке шашамыз. Бұл сіздіңше ойланатын дүниеге ұқсамай ма?!

Қанша ұнамаса да қандай ұлт, мемлекет болмасын біз олармен сауда-саттықта тығыз байланыста болуға мүдделіміз. Онсыз болмайды. Себебі бұл әлемде тек қазақтар емес өмір сүріп жатқан, бірінсіз-бірі бір ауаның астында өмір сүрулері қиынға соғары хақ. Алайда ұлттық сана, мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлттық, діни санамыз басқасымен араласпауы қажет. Ал біздің экономикамызға пайдасы бар сияқты, халықтың нан тауып жеуіне тиімді жол сияқты көрінгенімен, пайдасынан зияны шаш етектен екендігін біле тұра неге сол зиянды заттардан бас тартып, Құдайдың адал заттарымен, адамға пайдасы тиетін заттарымен сауда-саттық жасамасқа. Сонда Алланың разылығы да, ауаның тазалығы да, деннің саулығы да өз орнында болмаспеді?!

Енді мына қызықты қараңыз. Кейбіреулер ойлауы мүмкін «ей сол 1000 теңге қайда қалмай жатыр, түсіп те қаладығой қалтадан» т.б деп. Оныңыз рас. Бірақ сіз білесіз ба? сол мың теңгеге зар болып отырған елімізде қанша отбасы бар?! Сол 42 000 000 теңгеге қанша жан ұяның қарны тояр еді, қаншасы үйлі болып қуанар еді. Арманғой әрине. Жарайды кедейге бергің келмейді делік, ау үйдегі бала-шағаңның аузында қалса несі жаман?! Не кедей-кепшік қуанады, не бала-шағаң!

P/S Ардақты ағайын, жылдан жылға оянып келеміз, арам мен адалдың ара жігін ажыратып, дінімізге, ұлттығымызға, дәстүрімізге, келешек ұрпағымызға жанымыз ашып көзіміз ашылып кележатқандай. Мен осы бір жаңа жыл (басқа уақыттарда да) келгенде арақ-шарапқа жұмсалатын миллиондарды есептегенім жоқ. Алла сақтасын. Ол өзінше бір сұмдық ақша, ысырап, КҮНӘ. Бірақ МАЛ ІШПЕЙТІН арақтан да бас тартып жатқандарымыз аз емес шүкір..! 

Олай болса Алла берген ақылымызды қолданып бір сәтке ойланып көрейікші ағайын, осы бір отты жақпай-ақ, 20 сикундттық сәтке миллиондарды шашпай-ақ, ТЕГІН, ұзақ уақыт, күні бойы, мезгілдер, жылдар бойы қуануымызға боладығой расында. Алла соны жазсын баршаңызға. Жаңа жылда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектеспін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 

Нұрлыбек Шакизадаұлы

Дінтанушы

0 пікір