ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ 14 ЫРЫМЫ
ҚАЗАҚТЫҢ БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ 14 ЫРЫМЫ
31.07.2019 10:50
754
0

1.Егер біреу əңгіме айтып жатқанда сəби түшкірсе, айтылғандардың бəрінің рас болғаны
 2. Егер отбасында тек қыздар туыла берсе, келесі баланың ұл болуы үшін қызға ұлдың есімін береді немесе Ұл-дан басталатын ат қояды. Мысалы, Ұлбала, Ұлдана, Ұлбике
3. Егер бала қолындағы заттарды «шашу» деп шашса, онда бұл үйде той, қуаныш болады. 
4. Баланың еңбегін басуға болмайды, себебі қазақтар баланың бақыты еңбегінде болады деп сенеді. Егер басса, оның миы зақымдалады, өміріне қауіп төндіреді
5. Егер бала еш себепсіз тілін шығарса, үйге қандай да бір хабар келеді
6. Егер үйге кішкентай бала қыдырып келсе, оны құр қол жіберуге болмайды. Себебі, баланың көңілі, меселі қайтады. Егер қонақ бала үйден көңілсіз күйде, ренжіп шықса, үйден бақ-береке кетеді
7. Егер бала жерге қолын тіреп, екі аяғының ортасынан басын шығарып жол қараса, бұл жақсы ырым. Көптен күткен қонақ немесе көптен көріспеген ағайын қонаққа келеді
8. Баланың қарын шашын алғанда, оны тастамай, сақтап қою керек. Себебі, бала қырқынан шыққанша немесе жеті айға толғанша əлсіз болады
9. Баланың бесігінің бас жағына пышақ, қамшы, қайрақ салып қояды. Бұл жын-шайтан мен зиянкес жəндіктерден қорғайды
10. Балаға қойдың таңдайын жегізеді, жезтаңдай əнші болады деп сенген
11. Баланы қырқынан шыққанша түнде алып жүруге болмайды. Оған ай сəулесі түсуі мүмкін, ал ол жаман ырым болып саналады 
12.  Егер бала шалқасынан жатып ұйықтаса — белгілі адам болып өседі, бүк түсіп жатса — уайымшыл, егер етпетінен жатса — ойшыл болады. Ал аяқ-қолын еркін созып жатса, батыр, ержүрек болып өседі
13.  Егер қария шөбересінің алақанынан су ішсе, жұмаққа барады
14. Егер бала қол шапалақтаса, үйге қуанышты хабар келеді.

0 пікір