ҚАЛЖА ЫРЫМЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
ҚАЛЖА ЫРЫМЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
13.10.2020 11:12
603
0

Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқпн ырымдары мен тыйымдары, өзіндік мән-мағынасы, терең салт-дәстүрлері бар. Бүгінге дейін желісі үзілмеген ырымдардың бірі – ҚАЛЖА дер едім. Ата-бабамыздан осы күнге жеткен бұл ырымды халық тұрмыс-тіршілігінің бүгінгі көрінісінен де көруге болады.

Қалжа дегеніміз жаңа босанған ана мен өмірге келген нәресте үшін сойылатын қой. Жалпы, қазақ халқы босанған әйелге қатты мән берген. Оның денсаулығы, нәрестенің жағдайы әркез есте тұрды. Соған сәйкес ұлтымыздың керемет ырымы қалжаны да қолданыстан осы күнге дейін шығарған емес.

Шаңыраққа шырылдап нәресте келген кезде сол үйдің тума-туыстары, таныстары жиналып, кішігірім той өткізген. Жас босанған ана мен бала үшін қой сойылады. Босанған анаға осы жас еттің сорпасын ішкізіп, етін жегізіп, жоғалтқан күш қуатын қайта жинайды.

Қалжаға сойылған қойдың омыртқасын жас анаға тісін тигізбей, қолымен мүжіткен. Ал, еттен тазарған жұлынды қырық күнге керегенің басына ілген. Өз сыбағасынан толық дәм татқан келіншектің омырау сүті құнарлы болады. Нәтижесінде нәрестенің тез ет алып өсуіне де ықпал етеді.

Бұл ырым арнайылап сойылған етті жас ана тауысқанша жалғасын табады.

Жақсы қалжаланған ана денсаулығы да, бала денсаулығы да жақсы болары сөссіз.

Қазақ салтында күні бүгінге дейін сақталған қалжа ырымының орны ерекше. Қазір де аталмыш ырымның көптеген шаңырақта қолданыста екеніне куәміз. Ана мен баланың денсаулығы, келешегі үшін бұл ырымның берері мол. Сондықтан да қазақ халқының осы бір ырымы жылдан жылға, ғасырдан ғасырға өрбіп, келешекке мол мұра болып қалса екен деймін.

 

Әлиарыстанова Айдана

 

 

0 пікір