Қайссымыз күштіміз?
Қайссымыз күштіміз?
29.09.2017 09:29
974
0

Əкесі ұлынан сұрады:
- Ұлым, екеуміздің  қайссымыз күштіміз?
Ұлы жауап берді:
- Əрине мен əке!
Əке бұл жауапты күтпеген еді. Есеңгіреп қалды.
- Бұған сенімдісің бе, ұлым?- деп, бөлмесіне қарай кетіп бара жатып екінші рет сұрады.
- Ия əке!
Өз бөлмесіне кірейін деп тұрып, əкесі үшінші рет үмітпен тағы да сұрады:
- Бəлкім жақсылап ойлап көрерсің ұлым. Қайссымыз  күшті екенбіз?
- Сіз əке! 
Əке бұл жауаптан қуанып кетті. Бірақ ойланып қалды. Неге бұдан алдын екі рет сұрағанымда "Мен күштімін" деді бұл бала?
Ұлынан тағы сұрады:
- Неге мұндай шешімге келдің ұлым?
Ұлы жауап берді:
- Бұдан алдын екі рет сұрағаныңызда сіз менің қасымда едіңіз. Сіз жанымда болғаныңызда дүниеде менен күшті адам жоқ еді. Үшінші рет сұрағаныңызда сіз менен ұзақта едіңіз. Сіз жанымда болмасаңыз мен ешкім емеспін əке!.....

0 пікір