Өзбек халқына көрсетілген құрмет деп қабылдадым
Өзбек халқына көрсетілген құрмет деп қабылдадым
23.01.2018 15:14
1760
0

Таңертең таксиге отырдым. Рульде жасы 30-дар шамасындағы қырма сақал жігіт отыр екен. Ту сыртынан көргесін, "армян, əлде əзірбайжан" деп ойлап үлгердім. "Сəлеметсіз бе" - деген маған ол да жалт бұрылып, жылыұшырай амандасты.  

Дəл сол кезде радиодан:

 "Өрт автобустағы адамдардың жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбауынан болуы мүмкін"... деген ақпарат беріліп жатқан еді.

Таксист жігіттің лезде өңі өзгеріп: 

- Тəте, мен өзім өзбекпін. Əйелім - қазақ. Павлодарда тұрғанымызға көп болды. Арзан нəрсе арзымайды ғой қашаннан. Автобусты ескі деп жатыр. Адамдар қауіпсіздік шараларын талап етуді үйренулері керек қой. Бəрінен де əке-шешеге обал. Баланың күйігі жаман, қайғыратын болды,- деп қынжылыс білдірді.

Лезде ол жігітке көңіл айттым.

«Алла разы болсын, тəте. Кеше «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітіне  жұма намазға барған едім, имамның өзі көзінен жасы домалап жылап тұрды. Барша өзбек бауырларға, мұсылмандарға көңіл айтты. Бəріміздің де жүрегіміз езілді. Мен мұндайды көрмеген едім. Бұл - қаза болған марқұмдарға, олардың отбастарына, өзбек халқына көрсетілген құрмет деп қабылдадым»,- деді ағынан жарыла.

 

Құралай Рахымжанова

0 пікір