Отбасы жарасымы
Отбасы  жарасымы
21.05.2018 17:18
2641
0

        Алла Тағала әр нәрсені жүп қылып жаратты. Күн мен түн, ақ пен қара, жақсы мен жаман т.б. сияқты, адамды да, ер мен әйел етіп жаратты. Сондықтан  қоғамдағы отбасының алатын орынның маңыздығылына қарай Ислам ер мен әйелдің арасындағы қатынасқа ерекше мән береді. Сол үшін отбасында ері мен әуелі бір бүтін болады.

        Әр мемлекетің негізі қоғам, қоғамның негізі- отбасы, ал отбасының  негізі ер мен әйелдің тату болып өмір  сүруі, өмірде бір-біріне мейрімділігі мен қамқорлығы және өзара адал дұрыс қарым-қатынасы екенін ұмытпау керек.

         Жас жұбайларға отау кұрып некелесуден бұрын дін негізі бірнеше шартты  орындауын талап етеді.

         Олар:

1. Қыз баланының тегіне, әсемдігіне, мүлкі мен ұстанған дініне көніл бөлу;

  1. Неке қиярдын бұрын, екі жас бір-бірін көріп, білуі шарт;
  2. Күйеу бала болашақ жарына махер (сыйлық) беруі;
  3.  Неке жария болуын т.б.

     Өкінішке орай қазір кейбір жастарымыз арасында «Тұрып көрейік, болмаса  ажырасып кетеміз» немесе  уақытша тұра тұрайық әрі қарай белгілі болады, бір-бірімізге жарасамыз ба, жоқпа дейтін таяз пікірлерде кездесіп жаттады. Мұндай неке әу бастан дұрыс емес,  ниеті қалай  болса, соңы да солай болады. Сол үшін некелесу алдында ізгі ниетте болуымыз қажет.

         Неке уақытша емес, осы өмірде ғана емес, мәңгіліке қиылады. Тіпті осы дүниеде ғана емес, о дүниеде де бірге боламыз  деген ниетпен киылады.

         Пайғамбарымыз(с.ғ.с) мүбәрак  хадисінде: «Әр нәрсе ниетпен дұрыс болады»,- дегенін  естен шығармауымыз керек.

         Неке қиып үйлену арқылы адам баласы өз мойынына үлкен жауапкершілік алады. Олар бір-бірілері үшін мейрімді және кешірімді болуы тиіс. Себебі Алла Тағала  Құранда: «Әйелдеріңмен жақсы тұрып, жақсы қарым- қатынаста болындар»,- деп әмір  еткен.

         Ал ардақты Пайғамбарымыз(с.ғ.с) тағы бір хадисте: «Жұбайларыңның сендердің алдарында белгілі міндеттері болғаны  сияқты, сендердіңде олардын алдында атқаратын міндеттеріңнін  бар екенін ұмытпаңдар,  олардың міндеті – жарына адал болу және сендер қаламаған адамды  босағадан аттатпау. Ал сендердің міндеттерің- оларды киім-кешек және тамақпен қамтамасыз ету».

         Міне, осылай  асыл дініміз әр жыныстың өзінің табиғатына қарай отбасында атқаратын міндеттерін бөліп көрсетіп қойған. Жоғардағы аят, хадистерден қарағанымыздай, әйел өзінің еріне, ал ер адамдарға өз әйелімен қандай қарым қатынас жасауы керек екенін естен шығармау қажет. Әр қайсысы өз  табиғатына лайыкты міндетерін атқарып, бүкіл жаман мінез-құлыктан арылуы тиісті.

          Дана халықмыздың бір аталы сөзі бар: «Үйлену оңай, үй болу қиын». Расындада үйлену оңай болғанмен, отбасын  арықарай сақтап қалудың түрлі қиыншылақтары мен сынақтары көп. Өмір болған соң «Ыдыс-аяқ сыңғырламай тұрмайды». Сол үшін жубайыңыздың көнілі болмаса, немесе ұнамайтын қылығын көрген кезде сабыр  сақтап, кешірімді болу керек.

      Құранда Алла Тағала: «Сондай-ақ, Олармен (жұбайларыңмен) жақсы мәміледе болындар. Тіпті ұнаттпасандар да. Бәлкім, сендер ұнатпаған нәрседе Алла сендер үшін көптеген қайыр жасырған болуы мүмкін».

        Ал хазретті пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Мүмін ер адам еш уақытта мүмін әйелді жек көруші  болмасын. Егер де, қандай бір мүмін әйелдін әлдебір мінезі көніліне жақпаса,  басқа бір қасиетін ұнатар»-деп айтқан.   Сондықтан жақсы мәлімеде болу, ол әріне бір-біріне жақсы сөздер айтуды талап етеді. Дана халқымыз «Жақсы сөз- жарым ырыс» немесе « Жақсының  жақсылығын айт нұры тасысын»,-деген ұлағатты сөздерді қалдырған.

          Шәкерім бабамыздын сөзімен айтқанда «Сөзіңді түзе-әдетіңе айналады, әдетің -мінезіңе айналады,  мінезің-сенің тағдырың». Үйленген соң өз жубайыңызбен жақсы қарым-қатынаста болу мусылмандықтың көркем белгісі. Пайғамбарымыз мына хадисінде айтқандай: « Мүміндердің ішінде иманы ең кемел болғандар- мінезі кемел болғандар. Ал, мінезі ең кемелдер – жұбайына жақсы мінез танытқандар».

   Үй болған соң әйелдің атқарар міндеті өте маңызды. Хазіретті пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Бұл  дүние уақытша берілген. Ондағы нығмет аталуының ең абзалы -салиқалы әйел»- деп айтты.  Ал халық сөзі «Жақсы әйел ерді ер қылады, жаман әйел ерді жер қылады»,- деп бір сөзбен жақсы салиқалы әйелдін отбасындағы рөлін анықтап берген.

       Демек салиқалы әйел Жаратушының берген ең үлкен нығметі, олай болса Аллаға шексіз мадақ айтып шүкір ету керек. Өйткені, ол әйел болашақ ұрпақтарымыздың анасы. Анасы жақсы болса қыздарымыз иманды да көркем, инабатты, ал ұлдарымыз ер жүрек мейірімді  болып өседі.

     Ондай отбасынан  әрдайым тыныштық, ынтымақ, береке, абырой жақсылық кетпейді.  Сондықтан ақ некемен құрылған әр шанырақ - Алланың берген ең үлкен сыйының бірі, оны  сақтап  бақытты өмір сүру әрқайсымыздың қолымызға берілген мүмкіндік.

      Ендеше Раббымыз бізге адал жар, адал нығмет, адал ұрпақ беріп, екі дүниеде бақытты болуымызды нәсіп етсін.

 

       

Канат қажы Тлеубаев 

            «Ақмешіт» мешітінің  найб имамы                                    

 

   

0 пікір